Қайырымдылық көмек көрсетті

435

0

Наурыз мерекесі қарсаңында Сырдария ауданының әкімі, «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалының төрағасы Руслан Рүстемовтің ұсынысымен «Тұзкөл Мұнай Газ Оперейтинг» ЖШС мен «Жастар мәселелерінің орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті. Нақтырақ айтқанда, серіктестік Тереңөзек кентіндегі «Әлеуметтік дүкенге» 1,5 тонна ұн және 530 келі макарон өнімдерін тегін үлестірді.

«Тұзкөл Мұнай Газ Оперей­тинг» ЖШС ұжымы Сырдария ауданындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға жыл сайын тұрақты түрде қайырымдылық көмек көрсетіп келеді. Серіктес­тік өкілі Мұрат Исағұловтың ай­туынша, аталған игі іс бүгінде дәстүрге айналған.

– Халқымызда «Қайырым­ды­лық – қайырлы іс» деген да­налық сөз бар. Біз жыл сайын сырдариялық отбасыларға күн­­делікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін әкеліп, қайы­рымдылық көмек көрсе­тіп келеміз. Бұл біздің әлеу­мет­­тік жауапкершілігімізді артты­­ра­ды. Егер, бір отбасы қол­дауы­­мызды сезініп, шы­найы қуан­са, одан асқан бақыт жоқ. Түптеп келгенде, қайы­рым­­ды­лық бағыттағы жұмыс­тарды үйлестіру – сауапты іс. «Әлеу­меттік дүкен» көмегін пай­даланатын отбасыларды Нау­рыз мерекесімен құттықтай­мыз, – дейді ол.

«Әлеуметтік дүкен» меңге­ру­шісі, жеке кәсіпкер Мария Сейпулованың айтуын­ша, бұл жолғы көмек 100 отбасын­дағы 453 адамға тегін таратылады.

– «Әлеуметтік дүкен» 2015 жылдан бері жұмыс істейді. Дүкенге жергілікті кәсіпкерлер, шаруашылық төрағалары, одан бөлек мұнай компаниялары, жо­март жандар демеушілік жа­­сайды. Демеушілер әлеу­мет­тік жағынан аз қамтыл­ған­дарға ұн, ет, күріш, қант және күнбағыс майын алып беріп, тұрғындардың алғы­сы­на бөленуде. Аудан бойын­ша «Әлеуметтік дүкен­нің» қыз­метін 100 отбасы пайда­ла­нады. Мұнда азық-түлік на­рық­тық бағадан 30 процент же­ңіл­дікпен беріледі. «Тұзкөл Мұнай Газ Оперейтинг» ЖШС қолдауымен Наурыз мере­ке­сі қарсаңында дүкен қоры азық-түлікпен толықты. Серік­тес­тік ұжымына шынайы ал­ғысымызды айтамыз, – дейді «Әлеуметтік дүкен» мең­герушісі.

Атап өту керек, Сыр өңірін­де ұйымдастырылып жатқан қайырымдылық іс-шараларына Баян Егізбаева жетекшілік ете­тін «Жастар мәселелерінің ор­талығы» жастар қоғамдық бірлестігі де өз үлесін қосып келеді. Бұл жолы да қоғамдық бірлестік «Тұзкөл Мұнай Газ Оперейтинг» серіктестігімен бір­лесе игі істі жүзеге асырды. Ең бастысы, «Әлеуметтік дү­кен­нен» көмек алатын аз қамта­масыз етілген отбасылар дән риза.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<