Болжау

384

0

 Қырығын қарық қалған соң, келсе елу,
Елеуреп, ұнамайды ойды бөлу.
Мәпелеп, баққаныңмен өзіңді-өзің,
Қалпыңа киын сауда — қайтып келу!
Ойланып ой көзімен қарағанда,
Елудің алтауын да тұр-ау өлу.
Көзден нұр, кеудеден күш кеміген соң,
Қайткенмен келмес қолдан жортып, желу
Екі аяқты пенденің жалғаннан өтпейтіні жоқ дегенмен, маңыздысы артыңда ұмытылмас іздің қалуы. Дүние есігін ашқанның қайта жабуы ақиқат. Бірақ, қай кезде, қашан екені Жаратушының құзырындағы іс. Пендеге берілетін қасиеттер де шектеулі. Десе де, қалаулы пенделерге «Көкірек көзін» яғни,түйсіктің ерекше түрін нәсіп етеді.Оның да белгілі бір шарттары болады. Адамның осындай дәрежеге жетуі, әлбетте, зердеге тоқыған іліміне байланысты. Осы тұрғыдан келгенде Тұрмағамбет әкеме, екінің біріне бұйыра бермейтін қасиет дарыған секілді. Жоғырыдағы жыр жолдарында «Жасымда елу алты тұр-ау өлім» деп, пәниден бақиға аттанар жасын дәл айтып кетеді. Дамолланың басқа да шығармалары түсінгенге басқаша ой қалыптастырады.

Берік САЙМАҒАНБЕТОВ,
жыршы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<