Көңіл айтамыз

2417

0

Қорқыт ата атындағы ҚМУ ұжымы ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөініндегі проректор, экономика ғылымдарының докторы, профессор Зиядин Саябек Тәттібекұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты, оның жұбайы Бижанова Кенжегүлге және отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтады.


Ұжым үшін бұл орны толмас ауыр қаза. Саябек Тәттібекұлының жарқын бейнесі онымен қызметтес болған барша әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады!

Зиядин Саябек Тәттібекұлы 2000-2004 жылдар аралығында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, доцент;


2004-2010 жылдар аралығында Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінің «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі;


2013-2016 жылдар аралығында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Қаржы-экономика» факультетінің деканы;


2016-2017 жылдар аралығында Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті «Экономика» факультетінің деканы;


2017-2019 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономикалық зерттеу орталығының директоры;


2019-2020 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Бизнес технологиялар кафедрасының меңгерушісі;


2020 жылдың мамыр айынан Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор қызметін абыроймен атқарды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<