Меценаттар туған жерді түлетуде

332

0

«Туған жер» жобасын қар­жыландыру жөнінен Қызыл­орда облысы алда тұр». Ақ­ордада өткен ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев осылай деп мәлімдеді. Ол өз сөзінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы өзінің өлшемдері бойынша нақты жобаларды іске асыруға бағытталған кешенді бағдарлама екенін атап өтті.

– Бағдарлама заманауи қазақ­стандық мәдениет, озық білім, ғылыми зерттеу, археология және басқа да түрлі бағыттардың дамуына едәуір серпіліс беруде. Қазіргі таңда 6 бағыт бойынша 13 арнайы жоба іске асырылуда. Жасыратыны жоқ бірқатар жоба нәтижелі жүргізілсе, кейбірі көздеген межеден шыға алмай отыр. «Туған жер» жобасы аясында меценаттардың арқасында демеушілік қаражат есебінен 2019 жылы 60 млрд теңгеге жуық қаражат тартылды. Оның ішінде 889 нысан жаңадан салынды. 631 нысан күрделі жөндеуден өтті. Атап өту керек, қаржыландырудың ең көп көлемі Маңғыстау, Алматы, Атырау, Қызылорда және Ақмола облыстарының үлесінде. Бұл көрсеткіштер Қазақстандағы бизнес өкіл­дердің әлеуметтік жауап­кер­шілігін байқатады, – деді Қырымбек Елеуұлы.

Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша алдағы үш жылдағы іс-шараларды іске асыруға Үкімет республикалық бюджеттен 90 млрд теңге қарастырылғанын айтты. Оның ішінде 2019 жылы 30 млрд теңге бөлініп, 711 жобадан тұратын 53 ауылдық елді мекенде 452 инфрақұрылымдық жоба іске асырылды.

Жиында 2019 жылы бағ­дар­ламаны іске асырудың нәти­желері мен алда атқарылатын жұмыстың жаңа басым ба­ғыттары қаралды.

– Өздеріңізге белгілі, Қа­зақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдар­ла­масының іске асырылып жат­қанына биыл үш жыл толады. Үш жылға жуық уақытта елеулі жұмыстар атқарылып, нақты жобалар жүзеге асырылды. Сонымен бірге Мемлекет басшысы Қасым-Жо­март Кемелұлы Тоқаевтың жа­қында жарық көрген «Абай және ХХІ ғасырдағы Қа­зақстан» мақаласындағы ой­шыл­дың еңбектері арқылы таралған рухани бағыттары осы бағдарламамен табиғи сабақтастық тауып отырғанын қоғамдық пікір қолдап отыр, – деді Мемлекеттік хатшы.


«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<