Өнер өрісі – елдің тынысы

520

0

Төрткүл дүниені шарпыған індеттің кімнің болмасын, көңіліне үрей тудырғаны шындық. Осы орайда еліміздің рухын көтеру мақсатында мәдениет саласының қызметкерлері де аянып жатқан жоқ.

Қазақ халқы – басынан небір зұлматты өткізсе де, еңсесі түспеген, татулықты ту еткен текті ел. Тарих парақтарынан сыр шертсек, ел басына күн туған алмағайып заманда жырауларымыз, ақындарымыз елге рухани азық сыйлап, халықты жігерлендіруге өз ықпалдарын тигізгендігі бел­гілі.

Қазіргі болып жатқан ахуалға байланысты әлеу­меттік желінің мол мүм­кін­діктерін пайдалана оты­рып, Сырдан шыққан өнер қайраткерлері – Кеңес Дүй­се­кеев, Рамазан Тайманов секілді өнер тарландары елді сабырға шақырса, об­лыстық филармонияның жыр­шы-жыраулары – А.Ноғай­баева, М.Сәрсенбаева, Ш.Бимбе­това, Р.Ахметов, Б.Төл­еу­баев, М.Сүгірбаев рух­ты жырларымен ел еңсесін кө­теруде. Сонымен бірге, «Ақ­мешіт» фольклорлық ансамб­лінің өнерпаздары жеке-дара өнер көрсетумен қатар әлеу­меттік желіде әрқайсысы өз үйлерінде отырып, бір мезгілде бір шығарманы орындап халық ықыласына бөленуде.

Облысымыздағы өнер қара шаңырағы Н.Бекежанов атын­дығы қазақ академиялық музыкалық драма театры «Он­лайн-спектакль», «Өнер әлемі» (театр майталмандары­мен сұхбат), поэзия сағаты (артистердің өлең оқуы) атты айдарлар ашылып, шығар­ма­шылық ұжым күнделікті жұмыс атқарып отыр.

Облыс музейлері халыққа ел тарихын таныту мақсатында онлайн экскурсиялар, лек­циялар өткізуде.

Сондай-ақ, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік ор­талығы жанынан құрылған «Алдаспан» әдеби клубының «Сырлы сезім» айдары көрер­менге жол тартты. Мұнда өңірімізге белгілі жазба ақындар жырларын оқып, ха­лық көңілін серпілтуге өз сеп­тігін тигізе бастады.

«Алдаспан» әдеби клу­бының поэзия сағатын ҚР Жа­зушылар және Журналистер одағының мүшесі, белгілі ақын Дүйсенбек Аяшұлы бас­таса, аймағымызға белгілі жырау Қасарбек Кәрібаев пен Берік Саймағанбетов жыр көшін жолға салды.

Өткен жылы «Жыр мұра» жобасы аясында облы­сы­мыздың барлық аудан­да­рынан 14 қобыз және 4 ауданнан жыр-терме үйір­мелері ашылып, олардың жұмысы облыстық телеарна арқылы насихатталған бола­тын. Қазіргі уақытта осы үйір­мелердің жетекшілері де әлеуметтік желі арқылы өз өнерлерін ортаға салып, халықтың көңілін көншітерлік шығармаларын шашу етіп келеді.

Қауіпсіздік шараларын сақ­тау мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы оқыр­ман­дарға қашықтан 24/7 режимде онлайн жұмыс жасауда. Оқырмандар кітап­хана сай­ты арқылы кітап мерзімін «онлайн-ұзарту» және «кі­тап­ханашыға сұрақ» вир­туал­ды анықтама қызметін пай­да­лана алады. Әлеуметтік желілер арқылы кітаптарды онлайн оқу, балаларға ар­нал­ған ертегілерді онлайн-дауыстап оқу, бейнелеу өнері бойынша шеберлік сабақтары, кітапханаға онлайн-экскурсия жасау, виртуалды көрмелер және виртуалды режимдегі бас­қа да іс-шаралар ұйым­дас­тыры­луда. «YouTube» ка­налында кітапхананың «Talking Book» жобасы бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар, өнер мекемелерінің мұрағатындағы құнды дүниелер, спектакльдер, концерттерде күнделікті әлеу­меттік желілірге жүк­телуде.

Сіздердің рухани кемел­дік­теріңіздің деңгейін түсірмеу мақсатында осындай игі ша­ралар ұйымдастырыла береді, құрметті жерлестер!

Аталған рухани дүниелерді об­лыс­тық мәдениет ұйым­дарының «Facebook», «In­sta­gram», «YouTube» әлеу­­­мет­тік желі­леріндегі па­рақ­ша­­­ла­­ры­нан тың­­дай аласыздар.

 

Мира ӘБУОВА,

облыстық мәдениет, архивтер

және құжаттама басқармасының басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<