Шаһнаманың бастауы

402

0

Дүниеге келгеннен соң мирас өлмек,
Өлген соң, екі айналып, жоқ қой келмек.
Соны ойлап өз-өзімнен қайнап, тасып,
Қиялым көкірегімді кетті кернеп!
«Кейінге нені тастап кетемін?» деп
Ішкенім у сияқты болды кермек.
Жиырманың отыз бенен ортасында,
Сұлулап секілді адам салған өрнек.
Ешнәрсе ол уақытта ойлатпайды,
Теңіздің толқынындай тасқан өрлеп.
Елу жас ердің мінсе еңсесіне –
Күннен-күн кеми беред күй мен көрнек.
Өз жасым онан-дағы өтіңкіреп,
Алпысты алдымдағы қалдым шерлеп.
«Қалай да қапияда кетем бе деп?» деп,
Кітабын «Шахнаманың» еттім ермек.
Өлеңмен он бір буын он ай жазып,
Бітірдім басым сипап, шаршап, терлеп.
Доғардым: «Тартуым, – деп, – партияға!»
Аттай-ақ аң құтқармас қойған ерлеп.
Ұнатып комиссия қолын қойды,
Сынауға бергенімде: «Оқып көр» деп.
Тексеріп, тәртіппенен төрт том етіп,
«Казиздат» баспақ еді оқа, зерлеп.
Үкімет ескеріп бұл еңбегімді,
Пенсия бұйырып ед: «Бұған бер» деп.
«Айына бес жүз сомнан аласың» деп,
Қолыма қаулы жазып, берді мөрлеп.
Олары ойнындай боп жас баланың,
Отырмын түзеу үйде босқа шерлеп.

1934-1935 жылдар шамасында сол кезде гі кеңестер одағының астанасы Москва қаласында Қазақстанның он күндігіне үлкен дайындық жұмыстары қызу жүріп жатады. Декадаға шығыстың бір дастанын қазақша сөйлетіп алып бару мәселесі де көтеріледі. Атақты Фердаусидің “Шаһнамасы» таңдалады. Ендігі мәселе аударманы кім жасау керек, сол кездегі мықты аудармашылармен де ақылдастық болған секілді. Қазақ елінің ағарту ісі жөніндегі наркомы, жерлесіміз Темірбек Қараұлы Жүргенов, Тәжіктің оқымысты ғалымы Садреддин Айниге жолығып, аударма жасауға қолқа салса керек. Сонда Айни өзімен Бұқарада бірге оқыған Тұрмағамбет Ізтілеуұлын ұсынады. Айнидің өзінің ұстазын сошалықты жоғары бағалағанына қуанып кеткен Темір нарком, елге келген бойда Тұрмағамбет әкемді Алматыға алдыртып үлкен шаруаны тапсырғалы тұрғанын айтады. Шайыр, бұл ұсынысқа қуана келіседі. Он ай тынымсыз жұмыстың нәтижесінде, қазақ руханияты олжалы болады.

Берік Саймағанбетов,

жыршы

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<