Сыйластық тіні

456

0

Жігіттің жарастығы жан барында,
Дос сыйлау, дастарханда нан барында.
Тұтынып үлкенді – аға, кішіні – іні,
Отыру қатарының қамдарында.
Есітіп үгіт – уағыз ұлықтардан,
Мекендеу медресенің маңдарында.
Өмірін бұл тәртіппен бітіргендер
Қайғының қала қоймас шандарында.
Ойына осыларды түсірер ер
Бақ, дәулет, ықпал, ырыс аңдарында.
Азғана өмірде сыйласып өткенге ештеңе жетпейді. Бұл, адам баласының сыйластығының биік дәрежесі.Үлкенді сыйлау, кішіге ізетті болу адами қалып. Демек, осы қасиетті ұғымды әлсіретіп алмауға әрекет жасау керек. Шайыр, асыл дініміз құптаған қылыққа бой алдыруға, тыйғаннан тыйылуға шақырады. Абай айтқан «Толық адам»мінезінің қандай болмағын бейнелейді.Сонда ғана елдіктің қамытын киер ер шығатынын, татаусыз мінез ғана ел көзіне дұрыс көрінетінін жеткізеді.

Берік САЙМАҒАНБЕТОВ,

жыршы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<