Жақсылыққа үндеуші

201

0

Оның теңізді өлкеде мұ­ғалім болып тер төккеніне отыз жылға жуық уақыт болыпты. Нақтысы керек десеңіз, 28 жыл. Республиканы қайдам, облыстың өзінен тым шеткері жатқан Аралдың қазақы ұл-қызына орыс тілін үйретуде Жаннаның үлесі көп. Құмда туған көп қарадомалақтың өзге аймақта, үлкен қалаларда, тіпті, Ресейге оқуға кеткенде де өзге тілде тосылмай сөй­лесе, Жанна сияқты арал­дық мұғалімдердің ар­қасы деп айтамыз.

Н.Крупская атын­дағы №14 мектеп-ли­цейінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұға­лімі Жанна Қонарованың шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі елеулі. Былтыр ғана Білім және ғылым министрі А.Айма­ған­­бетовтің қолынан «ҚР білім беру ісі­нің құр­метті қыз­мет­кері» төс­белгісін алды.

– 1968 жылы Аралдағы қарапайым отбасында дүниеге келдім. Есімімді атақты Жаннад Арктың құрметіне қойған екен. Ата-анамның айтуы бо­йынша бала күнімнен мұға­лім кейпіне еніп, сабақ беруді ұнатыппын. Сүйікті ойыным болыпты. Себебі, анам өмір бойы балабақшада еңбек еткен, екі үлкен әпкем де мұғалім болған. Ал, бас­тауыш сыныптан бас­тап мұ­ға­лім мамандығына деген құш­тарлықты Татьяна Гор­деева мен Гүлнұр Уәлиева ұстаздарым арттырды. Мек­тепті аяқтай салысымен фило­логия факультетін таңда­ға­нымда да ешкім таңданбады, – дейді ол.

Жанна Құспанғалиқызы оқушыларға дәріс беруден бөлек, мектеп-лицей дирек­торының оқу ісі жөніндегі орын­басары. Іскерлігі мен білік­тілігінің арқасында ұжым­­ның беделін көтеруге ат­са­лысуда.

– Біз еңбек жолын бірге бастадық. Қай жерде білімге қатысты жаңалық, балаға маңызды түрлі шаралар бол­сын, сол жерден Жаннаны табасыз. Шәкірттерін жақсы көреді, оқу­шылары да қатты құрметтейді. Әлі есімде, Мереке Сағындықова, Гаухар Тәжиева, бүгінде зейнеткер Наталья Мироуц, Жанна және мен қатар оқитын сыныптарға жетекшілік жа­садық. Сол кездері әртүр­лі аудандық, облыстық са­­­йыс­тарға оқушыларды қа­­тыс­тыру, олардың бос уа­қытын бол­дыр­мау жағында үнемі алда тұратынбыз. Оқу­шылардың до­­сы, жас мұға­лімдердің жана­шыры, әріп­тес­терін кәсіби тұр­ғыдан қолдайтын осындай мықты маман көпке үлгі, – дейді әріптесі әрі бүгінде аудандық білім бөлімінің басшысы қыз­метін атқаратын Санира Жан­назарова.

Оның оқушылары жылда өтетін аудандық, облыстық пәндік олимпиадаларда же­ңім­паз атанып жүр. Шы­ғар­машылығымен об­лыс, рес­­публика көлеміне таны­мал ұстаз. Жыл сайын ұйым­дас­тырылатын «Тәжі­рибе ала­ңында» өзінің тың идея­лары және инновациялық бағыттағы жұмыстарымен ерекшеленіп, көптеген мара­паттарға ие болған. «Тә­жі­рибе алаңының» 10 жыл­дығына арналған «Ең үздік шығармашыл мұғалім» мерей­тойлық медалінің ие­гері. 2012-2013 оқу жы­лында облыс әкімінің білім беру саласы қызметкерлеріне таға­йындаған 1 миллион теңге сыйақысын алды. Білім сала­сындағы же­місті еңбегі үшін «Шапағат» медалімен мара­патталған, Бі­лім беру  ісінің үздігі. Бұл – Жан­наның жетіс­тігінің бір парасы ғана.

Ержан ҚОЖАСОВ.