Астролог кеңесі: Ай тұтылған күні маңызды шешімдер қабылдамаңыз

393

0

Шілденің 27-нен 28-не қараған түні қазақстандықтар ең ұзақ Айдың тұтылуын тамашалай алады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне астролог Арман Штатбаев айтып берді.
Осы кезде Ай қызыл түске боялады. Астрологтар бұл құбылысты «қанды тұтылу» деп атайды. Олардың айтуынша, Айдың тұтылуы Жер тұрғындарының өміріне әсер етуі мүмкін.
«Айдың тұтылғанына жалаң көзбен қараудың еш қауіптілігі жоқ. Алайда психикалық ауытқушылығы бар адамдардың бұл құбылысты тамашалауына болмайды. Мұның әсерінен олардың мазасы кетіп, күйгелектеніп, депрессияға ұшырауы мүмкін. Сондай-ақ, бұл күні маңызды шешім қабалдамағандарыңыз дұрыс. Кикілжіңге жол бермеңіз», – деді астролог Арман Штатбаев
Бұдан бөлек, ертең тағы бір өзгеше көрініс – Марстың жерге жақындауын тамашалауға болады. Планетаны Шолпан жұлдызына қарағаныңыздай анық көре аласыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<