Қай жұлдызнамадағы ер адамдар әйелге қол көтеруге бейім келеді?

784

0

Астрология ғылымы адамдардың мінезіне сипаттама бере алатыны белгілі. Осы сипаттамаға кімнің қандай әрекетке баруы мүмкін екенін болжау да қиын емес. Осыған сәйкес Ernur.kz порталы жұлдызнама бойынша қай ер адам әйелге қол көтеруге бейім екенін жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқты

Бұл белгі аясында дүниеге келген жігіттер қызуқанды, эмоцияға берілгіш келеді. Өзінен сөзі, сөзінен ісі бұрын жүреді. Осы мінезінен талай таяқ жеп, жиі жеңіліске де ұрынады. Сөйте тұра, өзін түзеуге, әрекет жасамас бұрын ойланып алуға тырыспайды. Көп оспадар қылығын саналы түрде емес, ойсыз, эмоция жетегінде жасайды. Сондықтан, әр ағаттығының артынан кешірім сұраумен жүреді. Міне, мінез-құлқындағы осындай «минустарына» қарап астрологтар оларды ашумен жұдырық жұмсайтындар қатарына жатқызады.

Бикеш

Бұл белгі иелері айналасындағының бәрі мінсіз болуға тиіс деген қағидаға қатып қалған. Тағам тіл үйірерліктей болуға, ыдыс-аяқ айнадай жалтырап тұруға міндетті. Тазалық, тәртіп, басқа да өмір салаларында бәрі өз ойлағанындай болмаса, бұл оны қатты ызаландырады. Онысын жасырып та қала алмайды. Наразылығын ашық, көбіне агрессивті түрде білдіреді. Осындай қылығы олар жайлы «салақтық не олақтық танытқан әйелге қол көтеруі мүмкін» деп ойлауға себеп.

Сарышаян

Бұл белгі аясында туған ер-азаматтар тым өкпешіл, ренжігіш. Оған қоса, өзіне қатыстыны меншіктеп алып, өзгеден қызғыштай қоритыны тағы бар. Жеке өмір, отбасы, әйел мәселесіне келгенде бұл «қызғаныш» атты дауасыз дертке айналады. Сарышаян бастапқыда сыртқа сыр білдірмеуі мүмкін. Алайда біраз уақыт бойы ішке жиналған реніш, ашу мен қызғаныш қордалана келе, бір күні атыла ақтарылатыны анық. Осы бір эмоциялық жарылыс кезінде ойланбай жасалатын әрекеттер орын алып қалады.

Балықтар

Әдетте, барлық жұлдызнамада балықтарға «сезімтал, томаға-тұйық, үнсіз» деген сынды сипаттама беріліп жатады. Олардың қиял көкжиегі өте кең. Кішкентай ғана бір ілік тауып алса болғаны, соны өз қиялында дамыта отырып, үлкен бір дүниені құрастырып шығару оларға түк емес.

Сол өзі ойдан құрастырған нәрсеге қарап қорытынды шығаратыны да бар. Сол себепті балықтардың қай кезде не ойлайтынын, қандай түйін түйетінін, қай сәтте ашуға беріліп, айқайға басатынын болжау қиын. Егер өз қиялын дер кезінде тоқтатпаса олар ұруға дейін жетуі мүүмкін.

Егер бұл тізімге сіздің белгіңіз де ілінсе, айып етпеңіз. Бұл астролог мамандардың болжамы. Ал болжам шындыққа аз да болса жанасса, ашуға берілмей, өзіңізбен жұмыс істеңіз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<