Назарбаев қолына қанша рет домбыра алды?

377

0

«Президент қолына қанша рет домбыра алды, санап жіберейік». Президент Телерадиокешені Instagram желісінде жариялаған видеоның астында осылай жазылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. 
Қазақстандықтар «Президент қолына қанша рет домбыра алды?» деген сұраққа түрліше жауап беріп жатыр. Біреулер 11 десе, екіншілердің жауабы – 12. Айта кетейік, 1 шілде Қазақстан Ұлттық домбыра күнін атап өтіп жатыр. 2018 жылы 13 маусымда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлттық домбыра күні туралы қаулысы жарияланды. Бұл мерекеге орай Алматыда шаралар 1 шілдеде сағат 11.00-ден 22.00-ге дейін Панфилов, Жібек жолы көшелерінде және Ықылас атындағы Ұлттық музыкалық аспаптар мұражайында жалғасады. Астанада мерекелік басты шаралар «Қазақ Елі» монументінің жанында өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<