2017/2018 жылғы маусымның УЕФА рейтингі жарияланды: Қазақстан нешінші орында?

102

0

УЕФА-ның ресми сайтында 2017/2018 жылғы маусымның қорытындысы бойынша клубтық турнирлердің рейтингі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР футбол федерациясынан мәлім еткендей, Қазақстан Норвегия, Словакия және Венгрия елдерінің қауымдастықтарын басып озып, 28-орынды иеленді.

Біздің клубтардың жалпы жинаған ұпайы – 18.125.

2016/2017 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Қазақстан 15.250 ұпаймен 29-орынға орналасқан еді.

«Астана» футбол клубы Еуропа Лигасының топтық кезеңінде 21.750 ұпай жинап, УЕФА-ның клубтық рейтингінде 67-орынға жайғасты. 2016/2017 жылдың қорытындысы бойынша елордалық клуб 51 сатыға төмен болған еді – 118-орын (13.750 ұпай).   

Айта кетейік, коэффициент елдің барлық клубтарының Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының соңғы бес маусымдағы нәтижелерінің негізінде құралады.