2023 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері қанша болады

1526

0

«Ашық НҚА» порталында «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы жарияланды. Қазір жоба қоғамдық талқылауда, ол 8 қыркүйекке дейін қаралады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Портал мәліметіне сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап:

Ең төменгі жалақы – 60 000 теңге;

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3450 теңге (әлеуметтік төлемдер мен өсімпұлдарды, сондай-ақ салықтар мен басқа да төлемдерді есептеу үшін);

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 21 907 теңге;

Ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге;

Бұдан басқа, құжатқа сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек еткен жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат оның мөлшерінің 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 10,5 пайызға артуын ескере отырып белгіленеді.

Сондай-ақ, ӘМСҚ-ға төленуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,8 пайызына тең. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<