Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, Қазақстан Президенті: Ел аманатына адал болу – парыз

4

0

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың бірінші шақырылымдағы алғашқы сессияның ашылуында сөз сөйледі. Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын ашық деп жариялап, депутаттарға табыс тіледі. Еліміз даму жолында аса маңызды кезеңге қадам басқанын атап өтіп, бір палаталы заң шығарушы органның қызметіне кірісуі, шын мәнінде, мән-мағынасы айрықша тарихи оқиға екенін жеткізді.

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ БІРІНШІ СЕССИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Құрметті Құрылтай депутаттары,

Үкімет мүшелері!

Қадірлі қауым!

Баршаңызға бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуы құтты болсын!

Бүгін еліміз өзінің даму жолында аса маңызды кезеңге аяқ басты. Бұл – мемлекетіміз үшін мән-мағынасы айрықша оқиға, тарихи сәт. Біз ұлт жылнамасының жаңа парағын ашып отырмыз.

Бүгін жалпыұлттық референдум кезінде Қазақстан халқы қолдаған жаңа Конституцияға сәйкес еліміздің бір палаталы заң шығарушы органы – Құрылтай ресми түрде өз жұмысына кіріседі. Бұл – мемлекетіміздің саяси жүйе­сінің жаңару үдерісі дәл осы күннен бастау алады деген сөз.

Төл тарихымызға зер салсақ, Құрылтайда мемлекеттік маңызы бар мәселелер кеңінен талқыланып, ортақ шешімдер қабылданған. Бұл институттың жаңа кезеңде де жөні бөлек болары анық. Себебі Құрылтай билік жүйе­сін түбегейлі жаңғыртады, бүкіл мемлекеттік ап­параттың жұмысына тың серпін береді. Құрылтай ұлттық заңнама сапасын арттыру арқылы еліміздің құқықтық негізін нығайта түседі.

Осы тарихи миссияны атқару сіздерге жүктеліп отыр. Құрылтайдың бірінші шақырылымының депутаты болу – ең алдымен, ерекше сәт. Бұл – үлкен бақыт деп айтсақ, қате болмас. Осы аса абыройлы атқа сай лайықты қызмет етесіздер деп сенемін!

Азаматтар елімізде жүзеге асып жатқан ауқымды өзгерістерді жаппай қол-дауда. Мұны Құрылтай сайлауы айқын аңғартты. Осы науқанға азаматтары-мыздың 74 пайыздан астамы қатысып, дауыс берді. Халқымыз ел тағдырына әсер ететін тарихи таңдауын жасады. Жұр­тымыз бұл іске зор жауап-кершілікпен қарап, қоғамы­мыздың ауызбіршілігін паш етті. Осылайша, ел бірлігінің мызғымас тірегіне айналған «Әралуан пікір – біртұтас ұлт» қағи-даты нақты жүзеге асты.

Құрылтай сайлауына шетел азаматтарының қызығу­шылығы өте жоғары болды. Қазақстанға беделді халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттен 800-ге жуық байқаушы келді. Бұл – ұлттық парламентаризм тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.

Сайлау ашық әрі әділ өтті, өте жоғары деңгейде ұйым­дастырылды. Бүгін-де азаматтарымыз саясатқа оң көз­бен қарап, қоғамдық істерге белсене ара-ласатын болды. Бұл – жақсы үрдіс. Мұны жұртшылықтың депу­тат­тарға қо-ятын талабы әрдайым жоғары болады деп түсінген жөн.

Қазіргі заман құр уәденің, жалған сөз бен жалаң ұранның уақыты емес. Біздің қоғам кемелдене бастады. Ел ішінде кәсіби Парламентке деген сұ­раныс артқанын көріп отырмыз. Құ­рылтайға білікті мамандардың келуі – осының айқын дәлелі. Әрине, бә­секенің аты – бәсеке. Біреу ұтады, біреу ұты­лады. Алайда елімізде өз пі­кірін білдіруге, өз көзқарасын айтуға неше түрлі тетік бар. Заңымызға сай келетін түрлі мардымды пікірлер, ұсыныстар неғұрлым көп айтылса, елімізге де соғұрлым тиімді болады, нақты пайдасы тиеді.

Жалпы, бұл сайлаудың мәні де, маз­­мұны да өзгеше болды. Себебі өт­кен сайлау ең алдымен Қазақстан­да­ғы саяси алуандықтың жаңа сапа­лы дең­гейге көтерілгенін байқат­ты. Партия­лар өзінің әлеуетін толық көрсетті. Өз бағдарламасын жұртшылыққа жан-жақты түсіндіріп, жеткізе білді. Науқанға қатысқан барлық партияның ұсыныстары жұртшылықтың назарын аударды, қоғамдық өмірге үлкен серпін берді. Көптеген байқаушылар парти-ялардың арасында ашық бәсеке болғанын айтты.

Шын мәнінде, әр партияның өз бағдары, ұстанымы және идеологиясы бар. Науқан барысында олардың қоғамдағы рөлі, саяси жүйедегі орны айқындала түсті. Мұны Құрылтай сайлауының негізгі жетістігі деп бағалауға болады. Осындай оң өзге­рістердің арқасында Қазақстандағы сая­си-қоғамдық мәде-ниет үнемі да­мып, жетіліп отырады.

Болашақта партиялардың билік жүйесіндегі ықпалы да күшейе түседі. Әр науқан сайын олардың рөлі арта бермек. Сондықтан партиялар алған бағыт-тарынан таймай, сайлау­шылар­мен жұмысты жалғастыра беруі керек. Сонда ғана саяси ұйымдардың беделі күшейе түседі.

Осы мүмкіндікті пайдалана оты­рып, партиялар ұсынған бағдар-ла­ма­лардың мазмұнына ерекше тоқталғым келеді. Бұл құжаттарда тың иде-ялар, тиімді ұсыныстар бар. Оның бәрі де алдағы жұмыс барысында мұқият сараланады. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін ең ұтымды шешімдер Үкіметтің жұмысында ескерілуге тиіс.

Сайлауда «Әділет» партиясы басым дауыспен жеңіске жетіп, Құрыл­тайда конституциялық көпшілікті құрап отыр. Сондықтан «Әділет» пар­тиясына қойылатын талап та, арты­латын үміт те, сенім де аса жоғары. Осы орайда, қоғамды ортақ мүддеге ұйыстырып, реформалардың қозғаушы күші болу өте маңызды. Бұл міндет ойдағыдай орындалады деп сенемін.

Жалпы, Құрылтайдың алғашқы құрамына айрықша жауапкершілік жүк­теледі. Депутаттар халықтың ама­натына адал болып, мемлекет мүд­десіне қызмет етуі керек. Бұл – анық ақиқат. Мұны ешқашан естен шы­ғармау қажет.

Қазіргі таңда еліміз дамудың даңғыл жолына түсті. Қазақстан жаңа өрлеу кезеңіне қадам басты. Биыл еліміздің болашағы үшін мән-маңызы зор көпте-ген тарихи оқиғалар болды. Халқымыз аз уақыт ішінде бір ұлт болып көп жұмыс атқарды. Елімізде жалпыұлттық референдум арқылы ауқымды кон-ституциялық реформа табысты жүзеге асырылды. Осылайша, біз нағыз Ха-лық Конституциясын қабылдадық.

Жаңа Конституцияның өз күшіне енуін төл тарихымыздағы аса маңызды бетбұрыс деп бағалауға болады. Соның нәтижесінде өсіп-өркендеуімізге жол ашатын мықты заңды негіз қалыптасты. Қазіргі заманның сын-қатерлеріне төтеп бере алатын мүлде жаңа саяси-құқықтық жүйенің іргетасы қаланды. Бұл жүйе мемлекет құрылымын толық жаңғыртып, билік институттарының тиімділігін арттырады, сондай-ақ, азаматтарымыздың ел басқару ісіне атса-лысуына нақты мүмкіндік береді.

Реформаның арқасында тарихи тамыры тереңде жатқан Құрылтай ұғымы қайта жаңғырды. Ата-бабамыз ел тағдыры шешілетін сындарлы сәт­терде Құрылтай шақырған. Мысалы, Талас құрылтайы алып империя – Алтын ор-даның құрылуына себепкер болды. Ал Ордабасы құрылтайы қиын-қыстау кезеңде барша қазақты бір байрақтың астына жинады.

Бұл ұғым Ұлы даладағы парла­мен­таризм институтының жылнамасы те-реңде екенін айғақтайды. Сондықтан заң шығарушы органға Құрылтай деген атау бердік. Бұл – өткенді көксеу емес. Бұл – тарихи сабақтастықты сақтау, саяси дәстүрді заманауи басқару жүйесімен ұштастыру деген сөз. Құрылтай ұғымы халқымыздың өткенін, бірегей болмысын және жарқын болашаққа де-ген ұмтылысын айшықтайды.

Біз өскелең ұрпақтың игілігі үшін ынтымағы жарасқан, Заң мен тәртіп үстемдік құрған Әділетті, Қауіпсіз, Таза және Күшті Қазақстанды құрып жа-тырмыз. Алда ауқымды жұмыс күтіп тұр. Сіздер осы миссияны іске асыруға белсене атсалысып, ең алдымен ұлттың, жалпы халықтың мүддесіне адал қызмет етесіздер деп сенемін.

Қымбатты отандастар!

Құрметті жиынға қатысушылар!

Әлемдегі оқиғалар тасыған селдей жүйесіз, бейберекет сипатқа ие, ал-ды­мызда не боларын болжаудың өзі қиын. Бұл катаклизмдерден елдер мен халықтардың ешбірі тыс қалған жоқ. Мемлекеттердің, әсіресе ірі елдердің арасындағы сенімге селкеу түсті. Бұл БҰҰ мен оның институттарының қыз­метіне зардабын тигізуде. БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесі жаһандағы және ай-мақ­тардағы бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау миссиясын атқара алмай отыр.

Осы аласапыранда өңірлік халық­аралық ұйымдар алға шығып, олардың рөлі айтарлықтай артты. Әлемдік аре­нада «Орта державалар» деп аталатын мемлекеттер бой көрсете бастады. Қазақстан да аталған санатқа кіреді.

Сонымен қатар тұрлаусыз әлемде салыстырмалы түрде жаңа үдеріс белең алды. Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қарыштап дамуда. Бұл үдерістің түптің түбінде қайда апарып соғары беймәлім, тіпті, қазіргі нәтижелердің өзі екіұдай пікір тудырады. Кейде мұны осы техно­логияны ой-лап табатындар да түсіне бермейді.

Мәселен, таяу келешекте ядролық қарудың орнын жасанды интеллект құралдары алмастыруы мүмкін деген болжам айтылды. Мұның бәрі әлемнің дамуы заңдылық пен қисыннан ада екенін көрсетеді. Ал оның зардабын ке-лешек ұрпақ тартады.

Әлемде жаңа тәртіп қалыптасып жа­тыр. Ол кереғар сипатқа ие: бір жа­ғынан – қауіпті, зиянды, келешегі бұ­лыңғыр, ал екінші жағынан – ілгері, тех­нологиялық, перспективті әрі адам­зат тарихындағы елеулі бетбұрыс са-налады.

Мұндай жағдайда экономика, ғы­лым, әскери-дипломатия сала­ларында өзінің егемендігін нақты іспен қорғап, нығайтуға қауқарлы, ең маңыздысы, адам әлеуетін дамытатын мемлекеттер ғана жаңа дәуірге бейімделетіні бар­шаға түсінікті.

Дәл осы себепті мемлекетімізді жан-жақты жаңғырту стратегиялық тұр­ғыдан маңызды. Мақтангершілік емес, әділін айтсақ, біз жүргізіп жатқан ау­қымды реформалардың қарқыны алдағы уақытта үдей түспесе, бәсең­демейді. Қарапайым тілмен айтқанда, артқа шегінер жол жоқ. Бұл – елеулі жетістік.

Қазақ елінде жүргізіліп жатқан реформалардың күн тәртібінде қазіргі, тіпті келешектегі ықтимал жаһандық сын-қатерлер мейлінше ескерілген. Бұл – аса маңызды. Басқаша айтқанда, сол сынақтарды еңсеру үшін алдын алу шара-лары қабылданады.

Экономикада іргелі реформалар қолға алынды. Азаматтардың әл-ау­қатын арттыру басты міндет ретінде белгіленді. Индустрияландыру қарқын алып, экономиканың жаңа өндірістік негізі айқындалып келеді.

Мемлекет және шетелдік инвес­тор­лар құйған қомақты қаржының нәти­жесінде барлық өңірде жаңа өндіріс нысандары мен мыңдаған жұмыс орны ашылып жатыр.

Қазақстанда халық тұрмысы мен экономикалық өсім үшін аса қажетті ком-муналдық, көлік, энергетика және су инфрақұрылымдарын жаңғырту үдерісі басталды.

Сіздер, депутаттар, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары кезінде ел ішін аралап, Қазақстанның бірте-бірте алып құрылыс алаңына айналып келе жатқанына куә болдыңыздар. Алайда үлкен құрылысқа қомақты инвестиция қажет. Мемлекет те бұдан тыс қалмауға тиіс.

Әлеуметтік-экономикалық тұрғы­дан ұзақмерзімді пайдасы бар стра­те­гиялық маңызды жобаларды қаржы­ландыру, соның ішінде Ұлттық қордан қаржы бөлу жоспарланып отыр. Қара­жат оңды-солды, мақсатсыз жұмсал­майды. Мұндай қауесетті еш нәрседен ха­барсыз, ниеті теріс адамдар таратады.

Кез келген қордың, әсіресе, Ұлттық қордың тиімділігі, ең алдымен, келер ұрпақтың игілігі жолындағы зор та­бысқа, нақты нәтижеге қол жеткізумен өлшенеді.

Ұлттық қордың пайдасын бала­ларымыз көріп отыр. Олардың есеп­шотына қомақты қаражат аударылып жатыр (Жақында ұстаздар алдын-да сөйлеген сөзімде оның мөлшерін айттым). Келешекте өскелең ұрпаққа қызмет ететін заманауи, сапалы инфра­құрылымды дамытуымыз керек.

Басқаша айтқанда, еліміздің алдағы ондаған жылдар, тіпті ғасырлар бойы дамуына берік негіз қаланады. Мем­лекетіміздің іргесі де осы игі істердің арқасында беки түседі. Бұл мәселеге Қазақстан халқына арнаған Жол­дауымда кеңірек тоқталамын.

Біздің қалағанымыздай жедел бол­ма­са да, еліміз ғылымды, озық цифр­лық технологиялар мен жасанды ин­тел­­лек­тіні дамытуға ден қойып, ин­­­но­­­ва­ция­лық өркендеу жолына бағыт ал­ды.

Біз әлеуметтік мемлекет ретінде азаматтардың әлеуетін арттыруға әрдайым баса мән береміз. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және креа-тивті индустрия саласын жан-жақты дамытуға айрықша назар ау­дарамыз. Мемлекет мақсатшыл, та­банды, еңбекқор адамдарға әрдайым қолайлы жағдай жасайды.

Біз жастарға еңбек пен тәртіптің қаншалықты маңызды екенін түсін­діруіміз керек. Себебі, бұл – табысқа жетудің көзі. Азаматтарымыз жаңа дәуірде құқықтық сауатсыздық, әлеу­меттік масылдық, жөнсіз сөз бен орынсыз сынның еш пайдасы жоқ еке­нін білуі қажет. Мұның бәрі – еліміздің өсіп-өркендеуіне бөгет болатын ке­дергілер.

Салиқалы ұлттық сана-сезімді қа­лып­тастыру ісіне айрықша мән беру ке-рек. Мен бұл туралы Тамыз конфе­рен­циясында арнайы айттым. Енді осы мәселеге Құрылтай қабырғасында қайта оралғанды жөн көріп отырмын. Ұлттың жадын күмәнді деректермен, бұрмаланған мәліметтермен улауға болмайды. Мұндай әрекет өткен күнге деген сенімді, келешекке деген үмітті әлсіретеді.

Біздің төл тарихымыз бен әдебие­тіміз шет-шегі жоқ нәубет пен азапқа то-лы жылдардың жылнамасы емес. Әрине, біз өз тарихымыздағы қиын-қыстау кезеңдерді ешқашан ұмыт­пай­мыз. Алайда халқымыздың басы­нан өткен қайғы-қасіретті ұлттық бол­мы­сымыздың арқауы етуге болмайды. Себебі ұлт тарихы тек жеңіліс пен сәтсіздіктерден тұрмайды, төл ше­жіремізде жарқын жеңістер мен жетістіктер аз болған жоқ.

Сондықтан жалпы әлем тарихына, басқа халықтардың тарихымен қатар, өз тарихымызға да үстірт және жеңіл-желпі, біржақты қарауға болмайды. Тарих өкпе-ренішпен емес, ұлт мүд­десін көздеген шынайы көзқараспен жазылуға тиіс. Бұл – ең алдымен өс­келең ұрпақ үшін қажет дүние. Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарымыз мұ­ны жақсы түсінеді деп ойлаймын.

Бүгінде еліміздегі қоғамдық өмір­дің барлық саласы реформаланып, біре­гей инновациялық стандарттар мен тәсілдер қолданылуда. Мемле­кет­тік институттар мен экономикада ғана емес, ең маңыздысы, азаматтық сана-сезім мен ұлт менталитетінде байыпты әрі ауқымды жаңғыру үрдісі жүріп жатыр.

Соғыстан, дағдарыстан және қырғи-қабақ қатынастан көз ашпаған қазіргі әлемде мұндай жүйелі қоғамдық трансформацияның өзін бірегей тәжірибе деп атауға болады. Бірде-бір аймақта мұндай үлгі етер мысал жоқ.

Қазақстан түбегейлі реформа жо­лына түсті, көзге айқын көрінетін өз-герістер жүріп жатқан елге айналды деп толық сеніммен айта аламыз. Осы жаң­ғыру жолынан жаңылмай, қол жет­кізген нәтижелерді орнықтыру үшін ұл­тымыздың тарихи дамуындағы негізгі аспектілерге қатысты ұста­ны­мымыз бен көзқарасымызды өзгерткен жөн.

Қоғамымыз аңыздарға емес, шы­найылыққа арқа сүйеуі керек. Ескілікті аңсамай, алға қарай ұмтылып, ғы­лымды дамытуға ден қоюға тиіс. Ауы­зымен орақ орғандар емес, істің адамы бағалануы қажет. Жалғандыққа жаны қас, шындыққа жақ халық болғанымыз жөн. Бұл аса маңызды қағидат-тар келе­шек ұрпақ идеологиясының өзегіне айналуға тиіс. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан халқымыз тарихта талай сынаққа қасқайып қарсы тұрды. Енді өзінің күш-қуатын даму көкжиегін кеңейтуге жұмылдырса деген тілек бар. Жасампаздық пен еңбек қана мұратымызға жеткізеді.

Баршаңыз әлемдегі ахуалдың аса күрделі екенін, болжауға келмейтінін көріп-біліп отырсыздар. Өзара сенім жоғалған, тұрақсыздық белең алған мұндай алмағайып кезде Қазақстанның халықаралық беделі биік тұрғанын айрықша атап өткен жөн.

Жаһан елдері, соның ішінде әлемдік саясатта ықпалы зор мемлекеттердің өзі біздің пікірімізге құлақ асады. Бұл – өте маңызды. Біз ұлттық мүддемізді бәрінен биік қоя отырып, елімізге тән бейбітшілік, өзара достық пен тиімді серіктестік құндылықтарын күллі әлемге табанды түрде дәріптей береміз.

Түптеп келгенде, ұлт болып ұйыса алмасақ, азаматтарымыз ортақ іске жұ­мылмаса, осы жетістіктердің ешқай­сысы да болмас еді. Еліміздің басты қуаты, яғни, стратегиялық басымдығы – халықтың мызғымас бірлігінде және жасампаз рухында.

Біз озық ел ретінде биік мақсаттарға ұмтылуымыз керек. Ұсақ-түйек, кер­тартпа әңгімелерге, әлеуметтік енжар­лыққа ұрынбай, әрқашан алға үмітпен, сеніммен қарауымыз қажет. Біздің нақты жоспарымыз бар, бағда-рымыз да – айқын. Тек өзімізге сеніп, табанды жұмыс істеуіміз керек.

Біз ұлттық сана-сезімді қалып­тас­тыру ісіне баса назар аударатын бол­дық, бұл жұмыс өз жалғасын табады. Бұл – ең алдымен, төл шежіремізді тұтас тану және оны жұрт жадында жаңғырту деген сөз. Тарих – ұлттың темірқазығы, халқымыздың баға жет­пес қазынасы. Оны жалған намыс пен даңғаза мақтан үшін бұрмалау жақсылық әкелмейді.

Жігерімізді жасытып, кешегі күнге өкпе арта берсек, өскелең ұрпаққа қандай тәрбие береміз?! Біздің төл тарихымыз – қазіргі және келешек ұрпақтар мақтан тұтарлық бірегей жылнама. Себебі, қазақ халқы – сан түрлі сынақтан, небір нәубеттен аман өтіп, қайсарлығын да, қаһармандығын да паш еткен халық. Санасы сергек, ойы азат ұлт өткен күннен сабақ алады, өткен тарихын биікке көтереді және әрдайым алға ұмтылады.

Әсіресе, қазір еліміз жаңа тарихи өрлеу кезеңіне қадам басып жатқан кезде бұл ұстаным айрықша маңызды. Біз жасампаз ұлт ретінде ақиқат пен аңы-здың, шындық пен өтіріктің ара жігін ажыратып, жағымсыз кесел­дерден біржола арылуымыз керек. Кезінде Ұлы Абай айтқан «бес дұш­паннан», әсіресе, өнбейтін дау-дамайдан, бос сөз бен құр мақтанудан аулақ болғаны-мыз жөн. Ең алдымен, білім мен ғылымға жүгініп, нақты іспен айналысуымыз қажет. Онсыз әлем өркениетіне ілесе алмай, көш соңында қалып қоюымыз мүмкін. Бірақ біз бұған жол бермейміз.

Төл тарихымызды тар жол, тайғақ кешсе де, алған бетінен қайтпаған, еңсесін тік ұстап, ел мүддесіне қалт­қысыз қызмет еткен тұлғалар жазды. Олар ұлтымыздың көшін алға бастады. Елімізді көркейтеміз десек, осындай ұлт перзенттерінің өмірін, ұстаным­дарын үлгі-өнеге етуіміз керек. «Ондай болмақ қайда» деп, қол қусырып отыру – қаһарман жұртымызға тән қасиет емес. Рухы биік, жігері мықты адамдар өз отбасы мен қастерлі Отаны ал-дын­дағы жауапкершілікті терең сезінеді, ел игілігі үшін адал еңбек етеді. Өмірде табысты, қоғамда сыйлы болады. Шы­найы отаншылдық дегеніміз де – осы.

Құрметті депутаттар!

Құрылтай жұмысының басталуы мем­лекеттік басқару жүйесіндегі ір­гелі институционалдық өзгерістерге жол ашады. Себебі Құрылтай билік жүйесін қалыптастыру ісінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, Кон-сти­туциялық сот судьялары, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары ауди­торлық палатаның мүшелері Құрыл­тайдың келісімімен тағайындалады. Депутаттар Президенттің ұсынуы бо­йынша Жоғарғы сот судьяларын сай-лайды және қызметінен босата алады. Құрылтайға Конституциялық сот пен Жоғарғы сот судьяларын, сон­дай-ақ, депутаттарды құқықтық имму­нитеттен айыру құзыреті берілген. Құрылтай Үкімет пен Жоғары ауди­торлық пала-таның республикалық бюд­­­жет туралы есептерін бекітеді, Конс­­титуциялық соттың жыл сайынғы жолдауын тыңдайды. Бұдан бөлек, депутаттар Үкіметке сенімсіздік біл­діруге, Президентке Үкіметтің жеке­­­леген мүшелерін қызмет-тен боса­ту туралы ұсыныс білдіруге құқылы.

Бір сөзбен, Құрылтайға атқарушы және сот билігін қалыптастыруға, ел тағдырын айқындайтын стратегиялық маңызы бар мәселелерді шешуге қа­тысты аса ауқымды құзырет берілді. Біз, осылайша, заң шығарушы орган­ның ықпалын едәуір күшей-ттік. Бұл – билік тармақтары арасындағы өзара теңгерім жүйесі нығая түседі деген сөз.

Жалпы, мемлекеттік және қоғам­дық институттарды жүйелі түрде жаң­ғырту жұмысы жыл соңына дейін жалғасатын болады.

Енді мен Құрылтайдың алдында тұрған бірқатар маңызды міндеттерге тоқталып өтейін.

Бірінші. Жаңа Конституция норма­ларын ескере отырып, еліміздің заңна­масына түзетулер енгізу қажет.

Жаңа конституциялық жүйеге өту барысында бұрынғы Парламент негізгі билік институттарының қызметін қамтамасыз ететін бірқатар маңызды заңдарды қабылдады. Енді Құрылтай әр салаға қатысты заңнаманы мұқият саралап, олардың Конституция қағи­дат­тарына сай болуын қарауы керек.

Екінші. Құрылтай заң шығару үдерісінің тұрақтылығы мен сапасын қам-тамасыз етуі керек.

Бұған дейін Сенат Мәжіліс қабыл­даған заңдардың Конституцияға сәй­кестігін, құқықтық тұрғыдан дұрыс­ты­ғын, нормалардың өзара үй­ле­­сім­­ділігін тексеріп отырды. Бұл жұ­­мысты жан­дандыру қажет.

Заң шығару – аса жауапты жұмыс. Заңдарымыз әділетті, халыққа түсінікті әрі озық, яғни заман талабына сай болуы керек. Себебі заң мемлекеттегі әр азаматтың тағдырына, өміріне әсер етеді. Сондықтан заңның әр нормасы, әр тармағы тыңғылықты қаралып, жан-жақты талқылануы қажет.

Заң шығару қызметінің сапасын арт­тыру және жемқорлыққа себеп бо­ла­тын жағдайлардың алдын алу үшін жасанды интеллектіні кеңінен қол­да­нуға болады. Әрине, озық техно­ло­гия­лар кәсіби құқықтық сарапта-маны алмастыра алмайды. Алайда техно­логияны сауатты пайдалану арқы-лы талдау жұмысының тиімділігін арт­тыруға болады. Депутаттар осы мүмкіндікті ұтымды қолдануы керек.

Қазіргі таңда менің бастамаммен «Е-Parliament» ақпараттық жүйесі әзір­леніп жатыр. Бұл жүйе түйткілдер­ді заң арқылы алдын ала реттеуге мүм­кіндік береді. Басты мақсат – цифрлық қызметтерді бір жерге тоғысты-ру. Құзырлы органдар депутаттармен бірлесіп, осы платформаны Құрылтай қызметіне тезірек бейімдеуі қажет.

Еліміз үшін аса маңызды заң жобаларын сарапшылармен бірге жан-жақты талқылау керек. Бұл істе қағазбастылық пен салғырттыққа жол беруге бол-майды. Құрылтай қоғамдағы өзекті мәселелерге дер кезінде үн қататын жал-пыұлттық диалог алаңына айналуы қажет. Депутаттардың қыз­меті заңды-лық, ашықтық, өзара сый­лас­тық, пікір алуандығы қағидат­тарына негізде-луге тиіс.

Үшінші. Депутаттар бірінші сессия­да бірқатар маңызды заңдарды қабыл-дауы қажет.

Мен осы жылы жасанды интел­лектіні орта білім беру саласына енгізу, цифрлық активтер индустриясын да­мыту, Digital Qazaqstan стратегиясы ту-ралы бірқатар Жарлық шығардым. Үкімет осы бағыттар бойынша қажетті заң жобаларын әзірлеп, Парламентке ұсынады.

Тағы бір мәселе. Біз елімізге кәсіби тұрғыдан жоғары білікті мамандарды, заманауи технологияларды және шетел капиталын көптеп тарту үшін жүйелі шаралар қабылдап жатырмыз. Бұл іске тың серпін беру үшін «Алтын виза-ны» енгізудің маңызы зор. Соны­мен қатар еліміздің көші-қон саясатын жетілдіру қажет. Үкімет тиісті заң жобасын Құрылтайға жолдауы керек. Де-путаттарымыз оны тезірек қарағаны жөн болар. Биыл Үкімет «Кітапхана және баспа ісі туралы» заң жобасын да әзірлеп, Құрылтайға енгізуі қажет. Бұл – ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін нығайту үшін қажетті құжат.

Бұдан бөлек, мен таяуда «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті ата­ғын енгізу жөнінде тапсырма бер­дім. Бұл мәртебелі марапаттар ұлт мә­де­ниетіне қалтқысыз қызмет етіп, со­ның ішінде музыка және бейнелеу өне­рін дамытуға елеулі үлес қосқан аза­мат­тарға беріледі. Енді осы баста­маның заңнамалық негізін қалып­тастыру қажет.

Бұдан бөлек, Құрылтай қос палаталы Парламенттің депутаттары қарап үл-гермеген бірқатар заң жобасын қабылдауға тиіс. Ерекше қажеттілігі бар ба-лаларды жан-жақты қолдау жө­ніндегі заңға баса назар аудару қажет. Мен осы мәселе жөнінде Ұлттық құ­рылтайдың Бурабайдағы отырысында айт-тым. Біз ерекше қажеттілігі бар ба­лаларға көрсетілетін атаулы қолдау­дың тиімді жүйесін құруымыз керек. Олардың толыққанды білім алуына жағдай жасау қажет. Әсіресе, медици­налық және әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру керек. Осындай балаларға арналған орталықтарды әр облыстың және үлкен аудандардың қалаларында салу қажет. Демеушілер де осы маңы-зды іс-шараға қатысады деп сенемін. Мемлекет шын мұқтаж жандарға әр-дайым қолдау көрсетуі керек. Бұл – мен үшін тұрақты ұстаным.

Жалпы, біз өскелең ұрпақтың қолайлы және, ең бастысы, қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек. Осы орайда, Үкімет 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне заң арқылы тыйым салуды ұсынып отыр. Бұл мәселеге таяуда өткен Тамыз конференциясында арнайы тоқталып өттім. Мұндай шара әлемнің көптеген елінде қабылданып жатыр. Мен мұны қолдаймын. Осы жұмысқа баса назар аудару қажет деп са-наймын. Бірақ тиісті заңды қабылдасақ, оны толы­ғымен жүзеге асыру мәсе-лесін ойла­уымыз керек, себебі, қауқарсыз заң ешкімге қажет емес.

Энергетика саласының техноло­гиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, баламалы энергия көздерін да­мы­туға мүмкіндік беретін заң жоба­ларын да тездетіп қарастыру маңызды. Сондай-ақ онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселесіне қатысты заң­дарға айрықша назар аудару керек. Ақпарат кеңістігінде азаматтардың құ­қықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қосымша шаралар қабылдау қажет.

Түптеп келгенде, Құрылтай еліміз­дің заңнамаларын заман талабына сай жаңғыртуы керек. Ұлттық мүддені, жұртшылықты толғандыратын мәсе­лелерді және қазіргі әлемдік үрдістерді ескере отырып, бұл жұмысты жедел әрі сапалы атқарған жөн.

Біз қазір қоғамда жаңа құнды­лықтарды орнықтырып жатырмыз. Бұл – күрделі, асқан ұқыптылықты талап ететін өте қажетті жұмыс. Жаңа этиканы қалыптастыру ісі ел ал­дындағы азаматтардың, сондай-ақ мем­лекеттік қызметшілердің жүріс-тұ­рысына, мінез-құлқына байланысты екені сөзсіз. Қоғамдық орындарда келең­сіз, жөнсіз әрекеттерге жол бер­меу қажет. Депу-таттар заң қабыл­даумен қатар, жаңа қоғамдық этиканы дәріптеуге үлес қосуға тиіс. Бұл да – ұлттық мүддеге тікелей қатысы бар маңызды мәселе.

Жалпы, жұртымыз елдегі реформа­лардың қаншалықты нәтижелі болға­нын, ең алдымен, сіздердің қыз­мет­теріңізге қарап бағалайды. Бұрынғы Парламентпен салыстырғанда, Құ­рыл­тайдың құрамында әйелдер мен жас­тардың үлесі едәуір өсті. Ауқымды өзгерістер мемлекеттік басқару ісіне, әсіресе, жаңа буынның, яғни, жігерлі, отаншыл, еңбекқор жастардың келуіне себепші болды. Әкімдер құрамында, мемлекеттік мекемелерде, бизне-сте жас буын өкілдері алдыңғы қатарға шыға бастады. Бұл – біз жүргізген ре­формалардың аса маңызды нәтижесі. Ашығын айтсақ, институционалдық өзгерістердің түпкі мақсаты да – би­лік­тің барлық тармағындағы кадр­ларды жаңарту, яғни саясатқа жаңа­шыл, жа­сампаз адамдарды әкелу. Қа­зіргі за­манда жаттанды шешім, ескір­ген көз­қарас, жалаң популизм ешкімге керек емес.

Бізге жауапкершіліктен қашпай­тын, батыл, белсенді, білімді басшы­лар, нақты өзгеріс жасай білетін аза­мат­тар қажет. Келер ұрпақ кейбір кем­шілігімізге түсіністікпен қарайтын да шығар. Себебі жұмыс қателіксіз болмайды. Бірақ біз реформаларды аяғына дейін жеткізбей, Әділетті Қа­зақ­станды құру жолындағы тарихи мүмкіндікті мүлт жіберсек, олар бізді ешқашан кешірмейді.

Қазіргідей көз ілеспес жылдам­дық­пен өзгеріп жатқан заманда бейқам, жасық әрі жауапсыз болсақ, тығырыққа тап боламыз. Еліміздің ертеңі әрбір депутаттың ынта-ықыласына, қажыр-қайратына және отаншылдығына бай­ла­нысты екені сөзсіз. Сіздер – түрлі қыз­метте табысқа жетіп, мол тәжірибе жинаған білікті мамансыздар. Өз­де­ріңізді жауапты, жұртқа жа-нашыр, бас­тамашыл азамат ретінде танытып келе­сіздер. Енді осы тәжіри-бені ел игі­лігіне жаратып, Қазақстанды дамыту үшін табанды еңбек етесіздер деп сенемін.

Құрметті депутаттар!

Құрылтайдың бірінші шақыры­лымы – ел дамуының жаңа белесі. Халық сіздерге зор сенім артып отыр. Енді сол сенімді ақтап, қоғамға пайдасы ти-етін шаруамен айналысу қажет. Әрбір шешім елдің тағдырына, мемлекеттің болашағына тікелей ықпал етеді. Сондықтан әр қадам байыппен жасалуға тиіс. Жеке бастың мүддесі емес, елдің мүддесі басты орында тұруы керек.

Құрылтай мемлекет пен халықтың арасында дәнекер болып, ұлтымызды ортақ іске ұйыстыруы қажет. Қазақ­стан парламентаризмін дамытуға елеулі еңбек сіңірген заңғар жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Ең басты игілік – бірлік» деген тамаша сөзі бар. Шын мәнінде, біз ырысты ынтымағымыздың арқасында мемлекеттігіміздің тұғырын нығайтып, нық сеніммен алға қадам басып келеміз. Береке бірлік бар жерге ғана тұрақтайды. Ауызбіршілігімізді сақтай білсек, әлі талай белесті бағын­дырамыз. Барлық мақсат-мұра­тымызға жетеміз. Мен бұған кәміл сенемін.

Қадірлі қауым!

Жоғарыда атап өттім, жаңа Конституцияға сәйкес билік инсти­туттарын жасақтау жұмысын бастау үшін біз бірқатар рәсімді өткізуіміз керек. Ең ал-дымен, Құрылтайдың бас­шылық құрамын сайлап, құрылымын қалыптасты-ру қажет. Өздеріңізге мә­лім, Конституцияның 57-бабына сәй­кес, Құрылтай Төрағасының лауа­зы­мына кандидатураны Президент ұсынады.

Мен жауапкершілігі зор бұл лауазымға Айбек Арқабайұлы Дәде­байдың кандидатурасын ұсынамын.

Сіздер бұл тұлғаны жақсы біле­сіздер. Ол мемлекеттік басқару жүйе­сінде көп жыл қызмет етті. Тәжірибесі мол деп айтуға болады. Өзінің білімді, отаншыл, адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдеді. Сондықтан оны осы лауазымға лайық деп санаймын. Құрылтай депутаттарынан Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың канди­да­турасын қолдауды сұраймын.

Ата заңға сәйкес, Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатады. Сондықтан Құрылтайдың құрылымы жасақталған соң мен өздеріңізге Вице-Президенттің және Премьер-Министрдің кандидату­ралары бойынша ұсыныс енгіземін.

Содан кейін сіздермен ақылдасып, Үкімет мүшелерін тағайындаймын. Со­ны­мен қатар жаңа лауазымды – Қауіп­сіздік Кеңесі төрағасының орын­басарын тағайындаймын. Құрылтай мен Үкімет құрамы толық айқындалған соң жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауымды жариялаймын. Жол­дауда көтерілген барлық бастаманы атқарушы және заң шығарушы билік өкілдері бірлесіп, уақытылы әрі сапалы жүзеге асыруға тиіс. Лауазымды тұл­ғалардың бәрі, әсіресе, қызметіне енді кірісетін азаматтар алдымызда тұрған ортақ мақсат-міндеттерді білуі керек.

Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады. Бұл – Қазақстан тарихындағы тұңғыш жо­ғары консультативтік орган. Еліміздің этникалық, аймақтық, әлеуметтік, қо­ғамдық-саяси ерекшеліктерін бір арнаға тоғыстыратын жаңа құрылым заңнамалық бастама көтеру құқығына ие болады. Шын мәнінде, бұл бірегей орган. Осылайша, қысқа уақыттың ішінде биліктің барлық негізгі инс­титуттары жаңғырып, алдағы рефор­маларға тың серпін береді.

Нағыз отаншыл азамат үшін өз халқына адал қызмет етуден асқан бақыт жоқ. Ұлт мүддесі бәрінен биік тұруға тиіс. Әділетті, Күшті Қазақ­стан­ды құру – баршамызға ортақ мін­дет. Ел аманатына адал болу – парыз. Сіздер осы жолда табанды еңбек ете­сіздер деп сенемін. Құрылтай жұмы­сына табыс тілеймін! Қастерлі Ота­нымыз өсіп-өркендей берсін! Қа­зақ­­стан Республикасы жасасын!