30 жастағы қазақстандық Оңтүстік Кореяда қаза тапты

318

0

Фото: ҚР СІМ

Қазақстандық жұмысшы Оңтүстік Кореяда ағынды суды тазарту кезінде қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, оны тоқ соққан, деп хабарлайды Yonhap News.

Жазатайым оқиға 2024 жылдың 8 сәуірінде түстен кейін Чонджу қаласындағы шыны зауытының тазарту қондырғысында болды. Қазір жергілікті полиция мен Еңбек және жұмыспен қамту министрлігі тергеу жүргізуде. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, 30 жастағы отандасымызды тоқ соққан, кейін ауруханаға жеткізіліп, сол жерде қайтыс болды.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтың Оңтүстік Кореядағы зауытта қайтыс болғанын растады.

«Өндірісте қаза тапты, қазір туыстарымен байланысып, қажетті құжаттарды рәсімдеп жатырмыз», – деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<