622 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды

380

0

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 121,1 мың отбасындағы 622,6 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 83,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады. Бұдан басқа, еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінде.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 169,5 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама берілді.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электронды үкімет порталы арқылы бере алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<