Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекетттік қызметшілермен жиын өткізді

715

0

Фото: қала әкімдігі

Қала әкімдігінің мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және болдырмау, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормалары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету» мақсатында жиын өтті.

Жиында қала әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Мұрат Тасқараев жүргізіп, ҚР «Еңбек кодексі», Әдеп кодексі, ҚР «Мемлекеттік қызметі туралы» заңнамаларының қатаң сақталуын және заңбұзушылықтарды болдырмау және алдын-алу бағытында нақты шаралар қабылдау тапсырылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста мемлекеттік қызметшілерге қойылатын, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтау жөніндегі талаптарды да қатаң ұстау ескерілді. Қызметкерлердің бір-біріне деген қарым-қатынастағы ізгілік, белсенділік, бір-біріне өзара көмек көрсету, қамқор, сыпайы әрі әдепті болу турасында түсіндірме айтылып, ұжымда оң моральдық-психологиялық ахуал орнатуда ұжымдағы әрбір қызметшінің рөлі маңызды екені айтылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<