«Әдепті келін – әдемі» жас келіндер байқауы өтті

493

0

Жаңақорған ауданы қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен, «Қызылорда облысының жастар одақтары» ҚБ ұйымдастыруымен «Әдепті келін – әдемі» жас келіндер байқауы өтті.

Жас келіндер байқаудың ережесі бойынша 1-кезеңде «Таныстыру» тақырыбында өз отбасын, барған жерін таныстырды. 2-кезеңде (ән,би,қарасөз,т.б) өз өнерлерін көрсетіп, кезекті 3-кезеңде сұрақ-жауап кезеңі өтіп, салт-дәстүр бойынша білімдерін ортаға салды. Соңғы қорытынды кезеңде «Үй тапсырмасы» (қолөнер, тамақ түрлері т.б.) бойынша сынға түсті. Байқауда әділ қазылар мүшелері ретінде аудан әкімінің кеңесшісі Р.Исаева, еңбек ардагері С.Болғанбаева, Жастар ресурстық орталығының маманы С. Бигалиева төрелік етті.

Байқау қорытындысы бойынша І-орынды Қошқарова Ләйла Данабекқызы (Жайылма ауылдық округі), ІІ-орынды Жұмантай Салтанат Тәліпбайқызы (Ақүйік ауылдық округі), ІІІ-орынды Садықова Ақсұлу Тәңірбергенқызы (Шалқия кенті) және Мамбетова Жансая Ерманқызы (Аққорған ауылдық округі) иеленді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<