Әлеуметтік дүкендерді қалай жалға алуға болады?

220

0

Фото: «Байқоңыр» ӘКК

Бүгінгі таңда Қызылорда қаласында 37 әлеуметтік дүкен жұмыс жасауда. Оның 3-еуі ет бағытындағы дүкендер.

Әлеуметтік дүкендерді жалға алу жөнінде З.Шүкіров, 62 мекенжайында орналасқан «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бас ғимаратына барып өтінім (қағаз жүзінде) береді.

Дүкендерді жалға алу үшін:

  • Өтінім беру (қағаз жүзінде);
  • Жалға алушының жеке кәсіпкер ретінде (ИП) тіркелуі шарт;
  • Салықтық берешегі жоқ екендігі жөнінде анықтама;
  • Несие тарихы туралы анықтама;
  • Жалға алушы корпорацияның дербес шотына бастапқыда 1 000 000 (бір миллион) теңге қаржы салып, анықтамасын өткізу қажет;

Әлеуметтік дүкен кәсіпкерге ақысыз жалға беріледі.

Толығырақ ақпаратты +7 (705) 888-55-48 (WhatsApp) байланыс нөмірі арқылы алуға болады.

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<