Әскерде басынан жарақат алған сарбаз Ербаян Мұхтардың жағдайы күрт нашарлады

20

0

Фото: erbayan2024 Instagram-парақшасы

Екі жарым жыл бұрын ұлттық гвардия әскери бөлімінде ауыр жарақат алып, комаға түскен сарбаз Мұхтар Ербаянның жағдайы нашарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

26 мамырда Мұхтар Ербаян жағдайының нашарлауына байланысты жедел түрде ұлттық жедел медициналық көмек үйлестіру орталығына жатқызылды.

“Ресми түрде мәлімдеймін: кеше Мұхтар Ербаян шұғыл түрде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы ауруханасына жатқызылды”, – деп жазды Ұлпан Советбекқызы.

Сондай-ақ ол Ербаянның ата-анасының өтініші бойынша ақпарат таратып отырғанын айтты.

“Ербаян жансақтау бөлімінде жатыр, ал ата-анасы оның денсаулығына қатысты қажетті ақпараттарды толық ала алмай отыр”, – деді ол.