Әскери борышын өтегендер ҰБТ-сыз тегін оқиды

349

0

3 мың грант бөлінеді.

Қазақстанда әскери борышын өтегендер университетте тегін оқиды. Бұл туралы Қорғаныс вице-министрі Дархан Ахмадиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

– Бүгін Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов және Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қолдауы нәтижесінде 44 жоғары оқу орынымен әскери борышын өтегендерге 3 мың грант беру туралы меморандумға қол қойды. Яғни бір жыл әскери борышын өтегендер осы жоғары оқу орнына ҰБТ-сыз түсе алады. Сондай-ақ әскерде жақсы нәтиже көрсеткен жігіттер ЖОО есебінен тегін жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болады, – деп жазды Дархан Ахмадиев Facebook-те.

Оның айтуынша, тегін оқуға жіберілетін сарбаздарды іріктеу кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін әскери қызметшінің рейтингін айқындайтын және университет бөлетін гранттың цифрлық платформаны әзірлеу туралы шешім қабылданған.

– Платформа жауынгерлік, дене шынықтыру және арнайы даярлықты бағалау нәтижелері бойынша әрбір сарбаздың жеке рейтингін айқындайды. Сонымен қатар, рейтингке олардың психологиялық жай-күйі мен жауынгерлік кезекшілігін атқару нәтижесі де кіреді. Барлық дерек қорғаныс министрлігінде жинақталады әрі оны өзгертуге болмайды, – деді вице-министр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<