Агрессивті мінез-құлық пен оның алдын алу жолдарын түсіндірді

539

0

ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінде  жеке құрам арасында  өз-өзіне  қол  жұмсаудың алдын алу мақсатында «Агрессивті мінез-құлық пен өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбында медициналық-психологиялық бөлімінің  бас құтқарушы-психологы  Ж.Бегманова семинар  ұйымдастырды.

Аталған іс-шараға  Қызылорда облыстық «Жастар  денсаулығы»  орталығының  психологы  Бексұлтанова  Мақпал  қатысып, агрессивті мінез-құлықтың түрлері және оның алдын алу жолдарын  түсіндірді.

Сонымен қатар, тақырып  бойынша психолог  жеке құрамға дәрістер оқып, қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауап берді.

Семинар соңында жеке құрамға  «Өмірді  бағалай біл!» бейнеролигі  көрсетіліп,  жаднамалар мен брошюралар  таратылды.

  

       ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<