Құрылтай

Air Astana 15 шілдеден бастап Дубайға рейстерді қайта іске қосады

4

0

Фото: Maksat Shagyrbayev/Qazinform News Agency

Air Astana әуе компаниясы 15 шілдеден бастап Алматы–Дубай–Алматы және Астана–Дубай–Астана бағыттары бойынша тұрақты рейстерді қайта жандандырады.

Компанияның мәліметінше, рейстер 15 шілдеден бастап қайта орындала бастайды.

– Air Astana 15 шілдеден бастап Алматы–Дубай–Алматы және Астана–Дубай–Астана бағыттары бойынша тұрақты рейстерді қалпына келтіруді жоспарлап отыр, – делінген хабарламада.

Әуе компаниясы Таяу Шығыстағы ахуалды тұрақты бақылап отырғанын атап өтті.

– Аймақтағы жағдайға байланысты ұшу кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін. Қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларға дер кезінде хабарланады, – деп мәлімдеді компания.

Айта кетейік, компания 12 шілде күні Дубайға ұшатын бірқатар рейсін тоқтатқан болатын.