Дәстүрлі түрде 11-ші рет ұйымдастырылған бұл жиынға Қызылорда қаласы мен аудандардан 150-ден астам жас сарбаз қатысты. Олар әскери-қолданбалы 8 спорт түрі бойынша бақ сынады.
Салтанатты жабылу рәсімінде Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Уәлихан Серікұлы Ибраев және ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департамент бастығының орынбасары, полковник Серік Есенжолұлы Абусултанов қатысып, жас сарбаздарға сәттілік тіледі.
Жиын барысында «Сыр жастарының генералы» лентасы облыстық «Қызылорда-Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәбит Ыдырысұлы Әбішке табысталды.
Жарыс нәтижесінде:
І орын – Қызылорда қаласының командасы;
ІІ орын – Арал ауданының командасы;
ІІІ орын – Жаңақорған ауданының командасы.
Жеңімпаз командалар мен үздік қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қызылорда қаласының командасы Ақтөбе қаласында өтетін республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жиынына жолдама алды.