Акция белсенділері марапатталды

339

0

Фото: Қала әкімдігі

Қала әкімінің міндетін атқарушы Ғалымжан Еркебайдың төрағалығымен жиын өтті.

Жиында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында атқарылған жұмыстар сараланып, оған белсенді қатысқан азаматтар марапатталды. Марапат мінберінен көрінген тұрғынның бірі қарапайым еңбек адамы, бағбан – Бектай Сүлейменов.

Ол қарттығына қарамастан қолынан кетпенін тастамай, ауласында ағаш өсіріп, өз аумағын жасыл желекке айналдырып отыр. Бағбанның осынау өнімді еңбегі ескеріліп, оған облыстың ең жоғары марапаты – «Құрмет» грамотасы табысталды.

Мұнан өзге де акцияда ерекше еңбегімен көзге түскен бір топ азамат қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<