Алаяқтық фактісі бойынша күдікті ұсталды

503

0

«Несие алып беремін». Кейінгі уақытта «несие алып беремін» деген «ертегіге» сеніп, сан соғып қалғандар саны көбейді. Алаяқтар бүгінде әлеуметтік желі арқылы өз әрекеттерін ашық, ешкімнен қорықпай жүргізетін болған. Алданған адамдар өз оқиғаларын жарияласа да, ешкімге сабақ болмай отыр. Алаяқтық ісі бойынша оқиғаларды сотқа дейін жеткізбей, медиация арқылы «қайтарып беремін» деген уәдесін орындамай, жауапкершіліктен жалтарып жүргендер өте көп.
Сондай бір дерек, жуырда Қызылорда қаласы ПБ кезекші бөлімінде тіркелді. Қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болған.
Жәбірленушінің айтуынша, жылдың басында белгісіз азаматша, «қайтарымсыз несие алып беремін» деп сенімге кірген. Артынша жәбірленушіден 800 мың теңге қаражатын алып, осы күнге дейін түрлі жалған ақпарат беріп алдап келген.
Қызылорда қалалық ПБ криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде 37 жастағы облыс тұрғыны анықталып, ұсталды.
Қызылорда облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<