2 маусым күні Қызылорда қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны алаяқтық әрекеттің құрбаны болғандығы жөнінде арыз берген болатын. Ол өзінің арызында, 2021 жылдың қараша айында белгісіз азаматшалар аса ірі көлемде қайтарымсыз мемлекеттік несие алып беремін деп, сеніміне кіріп 2 миллион 640 мың теңге ақшасын алдап алған.
Жедел –іздестіру іс-шаралары нәтижесінде екі азаматша анықталып, ұсталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2 бөлігімен (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен) бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасаның баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<