Алматыда 4 ай бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

224

0

Фото: Kazinform

Алматыда 2023 жылдың желтоқсан айында із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды.

Lider.kz еріктілер іnstagram-парақшасындағы мәліметке сәйкес, 1990 жылы туған Ршимов Айян Едігеұлы 2023 жылдың 13 желтоқсан күні жоғалып кеткен.

Кешке қарай Медеу ауданы, Талғат Бигелдинов көшесі, 74 мекенжайындағы үйінен шығып, сол күйі қайтып оралмаған.

Еріктілердің айтуынша, ер адам қайтыс болған. Оның денесі 10 сәуірде табылды.

Алматы қалалық полиция департаменті ақпаратты растады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<