Құрылтай

«Алтын белбеу» облыстық турнирі аяқталды

3

0

Фото: Сыр спорты

Қазақ күресінен «Алтын белбеу» облыстық жарысының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараны Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жігер Айекешов ашып, қатысушыларға лебізін білдірді. Сондай-ақ, спорт ардагері Юрий Федорович Ким мен облыстық мәслихат депутаты Әмір Бердібекұлы Шаймамбетов спортшыларға сәттілік тіледі.

Тартысты өткен бәсеке қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей үлестірілді. I орын («Сыр барысы», «Алтын белбеу» иегері): Еламан Ерғалиев, II орын («Сыр тарланы»): Нұрым Сәлімгереев, ал III орын («Сыр сұңқары»): Еңбек Сақтағанов иеленді.

Шара соңы 4 жас ерекшелігі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімімен жалғасты.