Ақтөбеде 4 жасар бала жоғалып кетті

585

0

Ақтөбеде 4 жасар Данил Ахунов кеше таңертең аулада ойнап жүрген жерінен жоғалып кетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Диапазон»-ға сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, баланы әкесі таңғы сағат 9:30 шамасында үйінің кіреберісінде қалдырып кеткен.

«Кеше сағат 9:35-те Жедел басқару орталығының 102 телефонына Ақтөбе қаласы Қазанғап көшесіндегі №59 үйдің ауласынан 2018 жылы туған Ахунов Данил Артуровичтің жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті», – делінген хабарламада.

Оны іздеуге полициямен қатар ҚР ҰҰ әскери қызметшілері, еріктілер жұмылдырылды.

Баланың бойы шамамен 120 см, дене бітімі арық, шашы қоңыр түсті. Қызғылт сары түсті күрте, ашық көк түсті тоқылған бас киім, көк түсті күдері аяқ киім киген.

Қандай да бір ақпарат білетін адамдарға 102 нөміріне немесе 8771-785-1058 нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<