Ақтөбеде жоғалған ерекше баланың денесі табылды

278

0

Фото: Видеодан кадр

Ақтөбеде үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған 13 жастағы ерекше баланың денесі өзеннен табылды.

Кәрім Жетіру 4 маусым күні сағат шамамен 17:00-де ауладан шығып, белгісіз жаққа кетіп қалды. Содан бері еріктілер, полиция, ТЖД қызметкерлері оны судан да, далалықтан да іздеді.

Іздеу жұмыстарына барлығы 500 адам жұмылдырылды.

Ал кеше ТЖМ-нің тікұшағы әуеден бақылау жасады. Кәрім Жетірудің денесі бүгін табылды.

– Кәрім Жетірудің денесі Елек өзенінен, Юрта мейрамханасының манынан табылды. ​Полиция, еріктілер және бей-жай қарамайтын азаматтар жоғалған баланы іздеуге қатысты. ​Полиция тергеу жүргізіп, қажетті сараптамалар тағайындады. Полиция департаменті туыстары мен жақындарына көңіл айтады, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<