Аралда ауласына есірткі еккен тұрғындар ұсталды

534

0

Арал ауданында ауласына есірткі еккен 2 тұрғын ұсталды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері 5 тамыз күні «Қарасора-2021» жедел профилактикалық іс шарасы барысында Арал ауданында жергілікті екі тұрғынның өз үйлерінің бақшаларына сора өсімдігін еккендігін анықтады.

Жедел тергеу тобымен жүргізілген іздестіру шараларының барысында күдікті ретінде сол ауданның 39 – 47 жастағы тұрғындары ұсталды.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен (Ірі мөлшерде өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән – жайлары анықталуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<