АРАЛДА ДЕНСАУЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

230

0

Арал қаласындағы «Тәуелсіздік алаңында» аудандық жастар денсаулығы құрылымдық және жастар ресурстық орталықтарының ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын қалыптастыру және қан айналым жүйесі ауруларын алдын алу, болдырмау мақсатында «Қызыл түске киін» ұранымен акция өтті.

Акцияға аудандық медицина қызметкерлері, қала тұрғындары мен жастар қатысты. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек жыл сайын әлем бойынша 17,5 миллион адам жүрек-қан тамырлары ауруларынан көз жұматындығы туралы ресми дерек бар. Сол себепті де акция аудан тұрғындарының назарын өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып табылатын жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға, уақытылы дәрігерлік тексерулерден өтуге, денсаулықты нығайтуға мән беруге шақыру мақсатында ұйымдастырылды.

Акция барысында жиналған қауым өздерінің қан қысымын, бой-салмақтарын өлшетіп, денсаулықтарына байланысты дәрігерлердің ақыл-кеңестеріне жүгінді. Акция соңы біркелкі қызыл түске киінген жастардың флешмоб биіне ұласты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<