Аралдықтар «Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық акциясына үлес қосты

300

0

Фото: Арал әкімдігі

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Республикалық акция аясында Сыр өңірінде «Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық науқаны бастау алды.

Акция аясындағы облыс әкімінің Үндеуіне сәйкес бүгінгі тазалық науқанына 500-ге аралдықтар атсалысып, аудан көлемінде көркейту-көгалдандыру жұмыстарында белсенділік танытты.

Арал қаласындағы «Балықшылар аллеясында» өткен ағаш отырғызу акциясына аудан әкімі А.Оңғарбаев, аудан ардагерлері, мәслихат депутаттары, мекеме қызметкерлері мен ерікті жастар қатысты.

Экологиялық акция аясында қоғамдық орындар, көшелер мен аялдамаларда тазарту жұмыстары ұйымдастырылып, аудан бойынша демалыс саябақтарында 1000-ға жуық ағаш көшеттері отырғызылды. Көше бойында автомобиль жолдарының жолақтары қайта сызылып, аудан орталығындағы маңызды ғимараттардың қасбеттері жаңартылды.

Арал ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<