Қармақшыда \»Айбын\» әскери-спорттық жиыны өтті

292

0

Ауданадағы орталық стадионда мектеп оқушылары арасында Қорғаныс істері жөніндегі және  білім бөлімінің ұйымдастыруымен жастарды отансүйгіштікке, патриотизмге және бауырмалдыққа баулу мақсатында Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай «Айбын» халықаралық әскери спорттық жиынына іріктеу кезеңі өтті.
Жарыс барысында оған қатысушылар автоматты шашып, оны қайта жинау, 1000 метр қашықтыққа жүгіру, арқан тарту, винтовкамен ату және басқа да әскери спорт түрлері бойынша сайысқа түсті.
Тартысты да қызықты сәттерімен айшықталған жарыс қорытындысында аудандық Қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Назық Қайырлапов жарысқа қатысушыларды Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтап, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне грамоталар тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<