Арыс апаты: Әзірге нақты күдікті жоқ

266

0

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  ҚР Бас әскери прокуратурасының өкілдері Арыстағы жарылысқа кінәлілерді анықтау қанша уақытқа созылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бас әскери прокурордың орынбасары Дархан Ержановтың айтуынша, жарылысқа кінәлі ретінде күдіктілерді атауға әлі ерте.
«Әуелі тергеу жоспары құрылған болатын. Сол жоспарға сай екі бағыт бойынша жұмыс жүріп жатыр. Бірінші кезеңде оқиға орнын зерттеу арқылы төтенше оқиғаның себебін анықтауға күш салынады. Әскери қойманың жұмысына қатысты құжаттардың бәрін көтеріп жатырмыз.  Осы кезеңде бүгінге дейін 100-ден астам адамнан жауап алдық. Әзірге күдіктілер туралы айтуға ерте. Мамандар қазір апат кезіндегі дәлелдер мен айғақ заттарды тіркеп жатыр», – деді әскери прокуратура өкілі.
Бас әскери прокурордың орынбасары тергеу жұмыстарының 2-5 ай көлемінде жүретінін айтады.
«Қылмыстық процессуалдық заңнамаға сәйкес мұндай тексерулер 2 ай көлемінде жүруі тиіс. Егер осы уақыт ішінде жеткілікті дәлелдер жиналмаса,  қылмыстық іс 4-5 айға дейін созылуы мүмкін», – деді Дархан Ержанов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<