Астанада 16-қабаттан құлаған құрылысшы мерт болды

421

0

Астана қаласында 16-қабаттан құлаған құрылысшы мерт болды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Осы жылдың 12 тамызында Астана қалалық полиция департаменті Алматы аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне құрылыс нысанында 16-қабаттан адамның құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Құрылыс жұмыстары барысында жұмысшының желдету шахтасына құлағаны анықталды. Ол алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды», – деп атап өтті қалалық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша еліміздің Қылмыстық кодексінің 277-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<