Астрономдар Құс жолынан құпия нысан анықтады

342

0

Фото: pixabay.com

Ұлыбритания мен Германияның астрономдар тобы Құс жолынан барлық белгілі нейтрондық жұлдыздардан ауыр және бұл ретте ең жеңіл қара құрдымнан жеңілірек жаңа құпия нысанды анықтады, деп жазды ВВС

Бұл нысан орбитада миллисекундтық пульсарды (айналу кезеңі 1-ден 10 миллисекундқа дейінгі диапазондағы пульсар) айналып, бізден 40 мың жарық жыл қашықтықта орналасқан.

Нысанды ашқан Манчестер университетінің және Мюнхендегі Макс Планк институты зерттеушілерінің шамалауынша, бұл Эйнштейннің салыстырмалылық теориясын тағы бір тексеріп, қара құрдымға жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік беретін пульсар мен қара құрдымның алғашқы танымал қосарланған жүйесі.

«Пульсар-қара құрдым жүйесі гравитация теориясын тексерудің маңызды мүмкіндігі, ал ауыр нейтрондық жұлдыз ядролық физикаға өте жоғары тығыздықтағы процестер туралы жаңа түсініктер береді», – деп болжады Манчестер университетінің астрофизигі, профессор Бен Стапперс.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<