Атырау облысында екі сәбиін сатқан әйел ұсталды

406

0

Фото: ашық дереккөз

Атырау облысында екі сәбиін сатты деген күдікті әйел ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 2021 жылғы және 2022 жылғы сәбилерін сатқан 1991 жылы туған БҚО-ның тұрғынын анықтады.

«Дерекке қатысты ҚК-тің 135-бабы 1-бөлігімен соталды тергеп-тексеру басталды. Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<