Ауылдар арасында қайырымдылық марафоны өтті

298

0

Жаңақорған ауданындағы Екпінді және Еңбек ауылдық округтері «Ұлы даланың жасампаз жастары» атты қайырымдылық марафонын өткізді. Шараның мақсаты – жастарды қайырымдылық іс жасауға шақыру, салауатты өмір салтына баулу.
Жарысты ауыл әкімі Қ.Қожамжаров ашып, ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Құдайбергенов қатысушыларға сәттілік тілеп, ақ тілегін арнады. Марафонның сөресі Сәдібек бауы болса, мәресі 166 мектеп болып бекітілген. Нәтижесінде алғашқы болып Еңбек ауылының тұрғыны Н.Тоқназаров мәреге жетсе, екінші болып Ж.Нұртөре, үшінші болып Р.Айтбаев келді. Қыздар арасында алғашқы болып мәре сызығын кескен Ж.Шайхынбекова мен ең кішкентай қатысушы Қ.Бақытжан марапатқа ие болды. Ал ең жасы үлкен қатысушы А.Әбдірахмановқа хадия ретінде ауыл имамы Құран Кәрім кітабын табыс етті. Бұл сайыста жеңімпаздармен қатар барлық қатысушылар ынталандыру сыйлығына ие болды. 
Ауыл халқын біріктіріп, жастарды жақсылық жасауға шақырған марафоннан түскен қаржы түгелдей ауыл мешітінің қорына аудырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<