Аудан әкімі тұрғындарды жеке қабылдады

4

0

Фото: Жалағаш ауданы

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов кезектілік тәртібімен аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір азаматтың өтініш-тілектерін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді жауапты сала басшыларымен бірге талқылады. Бірқатар сауалдар бойынша нақты түсіндірме берілсе, жекелеген өтініштерді заң аясында шешу үшін тиісті мекемелерге тапсырмалар жүктелді.

Сонымен қатар, аудан әкімі тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын айтып, олардың орындалу барысы өз бақылауында болатынын жеткізді.

Айта кетейік, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына egov порталы, e-Otinish бірыңғай платформасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш беру арқылы жазыла алады.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі