Аудан басшысы бірқатар нысандарды аралады

272

0

Фото: Қазалы ауданы әкімдігі

Былтыр аудан орталығында жеке кәсіпкер Нұртай Аманов 200 орындық жеке спорт кешенінің құрылысын бастаған болатын. Бүгінгі таңда кешеннің құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, пайдалануға берілмек.

Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет жеке кәсіпкердің спорт кешеніне арнайы барып, жүргізілген құрылыс жұмыстарының барысын көрді.

Спорт кешенінде түрлі спорттық жарыстарды өткізуге қолайлы жағдай жасалған. Екі қабатты ғимаратта спорттың футбол, волейбол, баскетбол, гандбол және күрес сынды түрлерімен айналысуға болады. Спорт кешені жаттығу залыменде қамтылған.

Аудан басшысы мұнан соң Қазалы қаласындағы экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында сексеуіл өсімдігін егетін тұрақты тұқым бағы бөлімшесінің құрылыс жұмыстарын көрді.

Алдағы уақытта тұқым бағы бүкіләлемдік банктің қолдауымен Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы құм, тұз көшкінін тоқтату мақсатында аумағы 33,5 гектар жерге сексеуіл көшеттерін егумен айналысатын болады. Онда сексеуіл өсімдігінен бөлек жеміс ағаштарында өсіру қолға алынбақ. Айта кетейік, жуық арада тұқым бағы бөлімшесіде өз жұмысын бастамақ.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<