Қазалыда көлік қозғалысы тыйылады

84

0

Қазалы ауданының орталығы –   50 мыңға жуық халқы бар Әйтеке би кентінде ертеңнен бастап көлік қозғалысы мен тұрғындардың жүруіне толық тыйым салынады. Қоғамдық көліктер де тоқтайды.

Осыған орай аудан орталығына аспалы көпір (Золотой мост), Қазалы қаласынан келетін жолдар, Әйтеке би кентінің шығыс бетіндегі теміржол өткелі мен перъезд жабылады.

Тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында аудан орталығындағы Әйтеке би көшесінің М.Шоқай мен Төле би көшелерінің аралығына да тосқауыл қойылады.

Ертеңнен бастап аудандық полиция қызметкерлері көшеде ешқандай себепсіз жүрген жаяу жүргіншілер мен автокөлік иелеріне әкімшілік хаттамалар толтырып, аудандық сотқа жолдайтын болады.

Қауіпсіздік шараларының барлығы тұрғындардың денсаулығын сақтау, жұқпалы індеттің біздің ауданда таралуын болдырмау. Сондықтан барлық аудан тұрғындарын сабырлық сақтап, қатаң шараларға түсіністікпен қарауға шақырамыз.

Айта кетейік, 14 сәуір күні Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №9 қаулысы шыққан болатын.

Қаулыға сәйкес Қызылорда қаласы мен аудандарда азаматтардың (оның ішінде жаяу тәртіппен) және көліктердің барлық түрлерінің (азық-түлік тауарларын, дәрілік заттарды, медициналық тауарларды тасымалдайтын көліктерді, өндірістік және ауыл шаруашылығы салаларында халықтың тұрмыс тіршілігін қамтамасыз ететін қызмет көрсетулерді, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдармен бекітілген тізбені қоспағанда) кіруіне және шығуына тыйым салынды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз