Қазалыда «Қорқыт Ата» компрессорлық станциясы іске қосылды

268

0

 Бүгін Қазалы ауданында «Қорқыт Ата» компрессорлық станциясы пайдалануға берілді. Елбасының қолдауымен құрылысы басталған «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының стратегиялық маңызы зор. Облыс аумағынан өтетін 846 шақырымдық газ құбыры Қызылорда облысын газдандыруға жол ашып отыр.

 – Бұл Елбасының бізге жасаған тікелей қамқорлығымен, аймақ басшысының қолдауымен жүзеге асырылып отырғанын айта кетуіміз керек. Өздеріңізге белгілі, әлемдік нарықта баға құлдырауда және тұтастай алғанда, экономикалық өсім баяулауда. Міне, соған қарамай еліміз жаңа экономикалық саясатты жетілдіре отырып, әлеуметтік инфрақұрылымға тың серпін беріп келеді. Оның бір куәсі – Сыр еліндегі аудандардың көгілдір отынға қол жеткізуі, – деді Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев. 

Айта кету керек, «Бейнеу–Бозой–Шымкент» магистральды газ құбырын салу еліміздің ішкі нарығын газбен жабдықтаумен қатар, республиканың барлық стратегиялық маңызды газ құбырларын біртұтас жүйеге біріктірді. Газ құбыры өткен жылдың соңынан бастап қазақстандық газ экспортының жаңа бағытын ашты.

Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<