Қазақстандықтар ішімдікке көп ақша құрта бастады

330

0

Қазақстанда алкогольді сусындар саудасы 2017 жылы бірқалыпты өсімді көрсетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

2017 жылы күшті сусындардан жеңіл сусындарға өту тренді байқалды. Талдаушылардың пікірінше, мұндай үрдіс акциздің өсуіне және импортталатын тауарлардың қымбаттауына себеп болды. Күшті ішімдікті тұтыну көлемінің азаюы салауатты өмір салтын насихаттауға түрткі болды. Сондай-ақ, бағаның өсуі қара нарықпен күреске әсер етті.

Сарапшылардың мәліметінше, сыра саудасы нарықтың негізгі драйверіне айналды. Әсіресе, құйылатын сусындарға сұраныс артты. Қазақстандықтардың экономикалық жағдайының нашарлауынан кішкене бөшкедегі сыраларды жиі ала бастады. Ал қымбат сыралар былтыр өз клиенттерін таба алмады.

Эль, бидай сырасы, стаут секілді масайтатын сусындардың экзотикалық түрі әліге дейін танымал бола алмады. 2018 жылы сауда өсімі жалғасады деп күтілуде. Сыра өндіру де динамикалық өсе береді.

Талдамашылар ауқымды сауда алаңдары деп супермаркеттерді айтады. Сарапшылардың айтуынша, осыған бағамның ауытқуынан нарықтың дәстүрлі түрлері мен шағын дүкендерге қарағанда сауда желілерінде қызықты бағалар ұсынуы себеп болды.

Айта кетсек, шарап саудасы былтыр заттай көрінісі табиғи түрде өсе бастады. Бұдан бөлек, қазақстандықтар той-томалақтар мен салтанатты шараларға лайықталған үлкен ыдыстағы шараптарды жиі сатып алатын болды. Талдамашылар мұндай үрдісті тұтыну мәдениетінің төмендігімен байланыстырады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<