БАЛАЛАР «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТТЕ» ҚОНАҚТА БОЛДЫ

287

0

«Біздің ата-анамыз «Азаматтарға арналған үкіметте» қызмет етеді!» деп шығармаларында мақтанышпен баяндаған мемлекеттік корпорацияның Қызылорда облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің балалары салтанатты жиында марапатталды.

Жазғы демалыс қарсаңында корпорация өз қызметкерлерінің мектеп жасындағы балалары арасында «Менің анамның/әкемнің жұмысы» тақырыбында шығарма байқауын ұйымдастырылған болатын. Байқауға облыстық филиадың аудандық және қалалық бөлімдерінен 20-ға жуық бала қатысты. Бүгін үздік шығарма авторларымен бірге барлық қатысушылар филиал директоры Айдын Қайруллаевтың қолынан сый-сияпат алып, қуанышқа бөленді.

«Өздерінің шығармаларында балалар корпорацияның жұмысын өз сөздерімен, тіпті өлең жолдарымен де жеткізіп жатыр. Байқау болған соң оның жеңімпазы да анықталуы тиіс. Сондықтан ең үздік шығарманы белгілеу мақсатында арнайы комиссия құрылған болатын. Бірақ біз барлық баланы бөліп-жармай, бəріне бірдей сыйлық жасауды жөн деп шештік. Корпорация тарапынан өскелең ұрпаққа патриоттық тəрбие беруге бағытталған бастамалар оң қолдау тауып жатады. Біздің ұжымда еңбек династиясы қалыптасқан, жанұялық жұптар да аз емес. Осының өзі корпоративтік мəдениеттің жоғарғы деңгейін көрсеткендей», – дейді «Азаматтарға арналған үкіметте» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиал директоры А.Қайруллаев.

Сонымен қатар, шара барысында ұжымның мерейтой иелері, жақында шаңырақ көтерген және сəбилі болған қызметкерлерге адресаттар, құттықтау хаттар табысталды.

Ресми бөлімнен кейін балалар арнайы ұйымдастырылған тренингке қатысты. Кішкентай қонақтар орталықтың жұмысымен танысып, ойын ойнап, уақыттарын қызықты өткізді.

Шара соңында балалар мен олардың ата-аналары көңілді кездесу ұйымдастырған басшылыққа алғыстарын айтып, жақсы әсерде тарқасты.  

 

«Азаматтарға арналған үкіметте» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

           

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<