Балалар мерекесі кең көлемде тойланды

250

0

Сырдария ауданында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мекересі кең көлемде тойланды. Көңілі ақ, тілегі пәк бүлдіршіндердің мерекесіне орай аудан орталығында ауқымды іс-шара өтті»,- деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы.

Іс-шара барысында аудан әкімдігінің қолдауымен және аудандық білім бөлімінің үйлестіруімен аудан оқушыларынан құралған барабаншылар шеруі ұйымдастырылды. Салтанатты шеруге аудандағы 17 мектептің және аудандық «Әуез» мектебі мен аудандық «Оқушылар үйінің» білім алушылары қатысты.

Балаларға көңілді қуаныш сыйлаған мерекелік іс-шарада аудан әкімі Ғ.Қазантаев құттықтау сөз сөйлеп, «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесінің Тәуелсіз Қазақстан үшін маңызы жоғары екенін атап өтті. Сонымен бірге, бүгінде балалардың сапалы білім, саналы тәрбие алып, азат елдің озат ойлы азаматы атануына барлық жағдай жасалып жатқанын жеткізді. Аудан басшысы барлық жас өрендердің болашағына сәттілік тілеп, биылғы оқу жылында жоғары жетістіктерге жеткен бірқатар оқушыларға «Алғыс хат» табыс етті.

Мерекелік іс-шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер айтып, би биледі. Аудан тұрғындары мен қонақтары  салтанатты іс-шарадан көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<