БАЛАЛАРДЫҢ МЕРЕКЕЛІК ШЕРУІ ӨТТІ

210

0

Жосалы кентінің Орталық алаңында Халықаралық балаларды қорғау күні меркесіне орай балалар мен жасөспірімдердің музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің парады өтті. Мерекелік шеруде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ж. Сүйеубаев жиналған халыққа мерекелік жылы лебізін жеткізді. 

Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Қай мемлекет болсын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары. Бар жақсылығын баларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі саналы болып ержетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын. Биылғы жылы ауданда №183 орта мектебі мен Иіркөл ауылында «Самал» балабақшасының ғимаратын жаңадан салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар балалардың жазғы тынығу лагерінің құрылысы жүргізілуде.  Шеруге ерте келген көпшілік балалардың шығармашылық ұжымдарының өнерін тамашалады. Кент орталығындағы №26, №27, №30, №105, №121, №183, №250 мектеп- лицей ұжымдарының қызметкерлері мен оқушылары шеруде жүріп өтіп, алаңда ерекше флешмобпен аяқтады. 

Жасөспірімдердің орындаушылық шеберліктерін қолдау және дамыту мақсатында өткізіп отырған балалар мен жастардың музыкалық ансамбльдер шеруі жыл сайын дәстүрлі өткізілуде.  Жоғары деңгейде ұйымдастрылған бүгінгі мереке барлық балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<