Балаларды оңалту орталығында болды

452

0

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Қоғамға қызмет ету» әлеуметтік жобасы аясында «Сырдария» шаңырағының оқушылары мен ата-аналары «Физика» бірлестігінің пән мұғалімдерімен бірлесіп балаларды оңалту орталығында қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Қызылорда облысында 4000 «ерекше» бала бар, соның 1400-і жүйке жүйесі аурулары бойынша есепте тұрады. Қалаға қарасты Талсуат елді мекенінде орналасқан балаларды оңалту орталығында бүгінде 70 бала әлеуметтік және медициналық көмек алуда. Емдік дене шынықтыру бөлмесі балғындардың сал болып қалған аяқ-қолдарын жазып, қалыпты жағдайға түсуіне мүмкіндік жасаса, монтессори педагогикасы науқастардың үй жағдайына бейімделуіне көмектеседі.
Сондай-ақ, орталықта музыка, ойын терапиялары бар, асханасы да заманауи жабдықталған. Мектеп қауымдастығының мүшелері балаларды оңалту орталығын аралап, орталық жұмысымен танысты. Содан соң, балаларға арнап концерттік бағдарламасын ұсынды. Шара барысында физика пәні мұғалімдері түрлі тәжірибелер көрсетіп, балаларды қызықтырды. Ал, ата-аналар мен ұстаздар тілектерін айтып, сыйлықтарын үйлестірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<