Балалардың шотына ақша аудару Ұлттық қор ақшасын 1 пайыз төмендеткен

213

0

Фото: mail.kz

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында бала шотына ақша аудару Ұлттық қор ақшасын 1 пайыз төмендеткен. Үкімет отырысында Ұлттық банк басқарма төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов осындай дерек келтірді, деп хабарлады Қазақпарат.

«Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері жыл басынан 36,7 млрд долларға дейін, 1,9% ұлғайды. Ұлттық банктің валюталық шоттарында екінші деңгейлі банктердің қаражатынан мол қалдық қалған еді, бұл – соған байланысты. Ұлттық қордың активтері жыл басынан 1% төмендеп, 59,4 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл төмендеу «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша міндеттемелерді есептеуге байланысты», – деді ол.

Ұлттық банк басшысының орынбасары Ұлттық қордың қаңтар айындағы инвестициялық табысы 18 110 млн доллар болғанын айтты. 

«Қаңтар айында Ұлттық қорға түскен қаражат 472 млрд теңге болды. Оның ішінде 31 млрд теңге – ұлттық валютада. Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін трансферттер көлемі 600 млрд теңге болды», – деді Ақылжан Баймағамбетов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<